Сайтқа кіру Тіркелу

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер бассада жүр тарылмай.
Шідірлеулі көңілді зулат, жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай.

Елтімейді қалғыған шаққа жаным,
Ұмтылыста жүйткуде бақ талабым.
Талма шақта, талықсып кетсем жырым,
Сен қақырат мəңгілік қақпаларын.

Жол - дария тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма, жыр, жылдарға тамырың жай.
Дəуірлердің дауылы дақ салмаған
Ата-мұра қобыздың сарынындай.

Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,
Жыр-əуезім суарған мұңым, жасым
Ойсыздықтан өрекпіп, тойғандардың
Құлағына қайғы боп ызыңдасын.

Рақат түн, дырду мен дабыр қағып,
Жазылған жыр жүректің шамын жағып.
Елдігі мен ерлігі қалғығанды
Аттан салып оятсын дабыл қағып.

Дүниеден іздеумен нұрлы бесін
Талпыныстан танбаған жыр-күресім.
Адамдық пен адалдық семсеріндей
Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.

Зула, менің жыр-күймем шабыт жегіп,
Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп,
Жүректердің құрсауын ағыт келіп,
Зорлықтардың зардабын шеккендерге,
Əділеттен сыбаға алып беріп!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×