Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.
Жамандар - өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аян айтып жүрер,
Ешкімнің білмесе де қылмысын- ай.
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,
Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 4029
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңі, Сүйінбай Аронұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Бұл дүниенің мысалы
Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең. Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең....Келін туралы мақал-мәтелдер
Әдепті келін - ауылдың көркі Келінді келін демесең, Жақсы болса өз қызың. Күйеуді күйеу демесең, Жақсы болса өз ұлың....Жаман туралы ұлағатты сөздер
Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап. Жамбыл Жабаев Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы...Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер
Жақсы дос — Басыңа дос Жаман дос — Асыңа дос. Достың айнасы — досы. Қостың айласы — мосы....Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Қайыр бар жерде ырыс бар. Жақсылықтың ерте - кеші жоқ....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.