Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,
Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,
Сенкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.
Құлмамбет, Таңсықпенен о да кетті,
Сүйегі соларменен бір кісі еді.
Батырбегім, топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?!
Елімді қорашсынба, дәу Батырбек,
Кеткен жоқсың олардың ақысын жеп.
Дәң кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.
Батырбек датқа айтқандары
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 1655
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Батырбек датқа айтқандары өлеңі, Сүйінбай Аронұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек?...Қара сөздер. Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да...Қара сөздер. Абайдың отызыншы қара сөзі
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең...Қара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзі
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле...Адам туралы мақал-мәтелдер
Ағаш көркі — жапырақ, Адам көркі — шүберек. Кісі аты тершіл, Кісі киімі кіршіл....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.