Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға.
Жүгіруші ем жарысып
Сарыарқаның желімен.
Ойнаушы еді алысып
Соққан дауыл менімен...
«Дауыл! Дауыл!» дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде
Аласұрып, күркіреп.
Дүние сол кез дүрілдеп,
Келе жатты бір дауыл.
Түндіктері желпілдеп,
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Шыр айналды шаңырақ,
Сықырлады сырғауыл.
Бұрқырады бар аймақ,
Соқты ышқына көк дауыл.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім.
Көк дауылдай кеуделі
Жігіт болдым, ер жеттім.
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.
Дауыл
- ramuk_b
- 9 қазан 2018
- 1264
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дауыл өлеңі, Қасым Аманжоловтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқышының үйінде
-Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. -Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?.....Көшпелі құм
Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан Құм өзі аумайды екен жалаңаштан. Жабайы жылқы ма екен Жігіт желге Жалынын сипатпай бір ала қашқан?...Жаныс ақынға
Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай! Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай! Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап Қара дауыл...Орман
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу....Төрт тілек К.Ушинский
Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Зүлфия Аманжолқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.