«Аға!» - дедің, бұрылдым
Ұп-ұзын екен бұрымың.
«Аға!» - дедің, қарадым:
Жарқылдап тұр жанарың.
«Аға!» - дедің, тоқтадым.
Шарпып кетті от жалын.
«Аға!» - десең, қарағым,
Келе берер қарағым.
Қарай - қарай, шынарым,
Күшейіп кетті құмарым.
Үзіліп кетпей дәрменім,
Айтатын қалқам бар менің:
Анасы болшы, қарағым,
Маған тартқан баланың!
«Аға!» - дедің, бұрылдым
- ramuk_b
- 8 қазан 2018
- 1568
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аға дедің өлеңі, Әбіш Кекілбаев өлеңдері, Әбіш Кекілбаев
Ұқсас жаңалықтар:
Жығылмасын махаббаттың жалауы
Сезім сәттің айтсақ та оңай ұранын, Өмір бір күн тоса қояр сұрағын - Дедің-дағы, сол сезімнің Сен бірде Биігі мен тауы не деп сұрадың....Көкімге
Бері отыршы, Көкімім, Қандай екен өкімің? Елді билеп алуға Қай арадан бекідің?...Мен сені жүретінмін мақтан көріп
Мен сені жүретінмін мақтан көріп, қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып. Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін, жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің....Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос
Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос, Тепсінісіп шығатынға,- дедің бе екен,- тақым бос, Тепсініскен бабаларың тентіресіп кеткен-ді,...Онегиннің өлердегі сөзі
(А. С. Пушкиннен) Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.