Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толы сай кез оқ
Масағынан өткізіп,
Басын қолға жеткізіп,
Созып тартар күн қайда?
Кертбұғадай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның
Ризалықпен жайласып,
Қолын алар күн қайда?
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орнықты қара сабадан,
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген
Арғымақ туған асылды
Барыстай жал-құйрығын таратып,
Бауырынан жаратып,
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Арқадан жауған қардай боратып,
Басын көкке қаратып,
Құлағын істей қадалтып,
Баптап мінер күн қайда?
Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?
Орма мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,
Жауырынына мұз қатып,
Жау тоқтатар күн қайда?
Ұлы Арман
- ramuk_b
- 8 қазан 2018
- 1790
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлы Арман өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқышының үйінде
-Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. -Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?.....Бiздер, сірә, бөтенбіз?
Іздемейсің, біздер, сірә, бөтенбіз?! Бәлкім, бәлкім, болдық іңкар бекер біз? Жапырағы желмен ұшып жоғалған, Қайда барып, паналайды екен күз?...Анашым
Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам....Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда? Жарға ойнаған лақтай. Қайда кеттің жиырма бес, Тастан шыққан бұлақтай?...Шаттық қайда, ән қайда аласұрған
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған? Түндер қайда ұйқыны таң асырған? Байланғандай тіл-аузым тұншығамын шалға тиген байғұстай шарасыздан....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.