Менің анам
Менің анамның есімі Тілектес. Менің анам өте мейірімді, ақылды, сыпайы, жақсы адам. Мен анамды өте - өте жақсы көремін. Менің анам әрдайым сабақ орындауыма көмектеседі, білмегенімді айтады. «Ана» деген дүниедегі ең асыл адам емес пе? Мен анамнан көп нәрсені үйренемін. «Шешеге қарап қыз өсер»,- деп бекер айтпаған атам қазақ. Біз анамызды сыйлап қадірлеуіміз қажет. Анамыз бізді мәпелеп өсіреді, аялайды. Мектепке кетсек уайымдап, сағына күтіп отырады. Тезірек келсе екен деп, бауырына басқысы келеді. Бар дәмдісін алдымызға тосады. Біз қуансақ, анамыз да қуанады. Ал, мұңайсақ жұбатады. Біз бір қатерге ұрынсақ шашы біртіндеп ағара бастайды. Сол үшін біз анамызды тыңдап, айтқанын екі етпей жүруіміз керек. Мен де анамды өте жақсы көремін. Анам мені еркелетіп, шашымнан иіскеп отырады. Анамыз бізді қатарынан кем болмауға қолынан келгенін бәрін жасайды. Біз анамыздың үмітін ақтап, өте жақсы оқып үздікдер қатарынан көрінуіміз қажет. Онда да біз анамыздың қарызынан құтыла алмаймыз. «Анаңды Меккеге үш мәрте арқалап алып барсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Мен өскенде міндетті түрде Меккеге апаруға тырысамын. Мен қазірден сабағымды жақсы оқып жүрмін. Ал, кейіннен ана парызын өтеуге тырысамын. Ол үшін ең бірінші сабақты жақсы оқу керек деп ойлаймын және де ол дұрыс шешім. Менің анам бұл дүниедегі ең асыл Ана.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
Қоссейіт ауылы «Сырдария» жалпы орта мектебінің
6 сынып оқушысы Жолжан Жансая
Менің анам
- aiboll
- 3 наурыз 2017
- 59332
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ана туралы шығарма, менің анам, 8 наурыз аналар меркесіне
Ұқсас жаңалықтар:
Менің анам
Жердегі бар тағамнан Ана сүті нәрлі екен. Бұл жалғанда анамнан, Сүйікті адам бар ма екен?...Менің арманым (шығарма)
Менің де өз арманым бар. Менің арманым ата - анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп армандарым орындалады деп сенемін....Менің әжем
Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің...Бадувалова Аружанның өлеңдері
Ана Анам менің ақылды, Анам менің мейірбан. Ана сен маған қымбатсың, Өмірдегі жан анам. Бақыттымын мен балаң, Күліп жүрші жан анам, Саған бақыт...Оқушылар шығармашылығы
Ана Анам менің ақылшым ғой ардақты, Ана деген ардақты ғой салмақты. Ана деген мейірімді қамқоршым, Аяулы менің анашым....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.