Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет
«Кешегі шындық, бүгінгі шындық, ертеңгі шындық - үш шындықтың үшеуі де әртүрлі. Жоқ, керек емес бұл шындықтар, маған нағыз ақиқатты шындық керек!» - деп Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің нағыз ақиқатқа сүйіспеншілігін көрсетіп жазған.
Әлемдегі барша адам, оған шындықты, ақиқатты айтып, есеп беруін қалайды. Дегенмен, олар әрине, ақиқаттың жағымды, шын ниетпен айтылғанын қажет етеді. Егер шындық ащы болса, ол кімге ұнар?! Ақиқатты ақырын жеткізіп, адамның бетіне лақтырмай, жүректен жүрекк, шын ниет пен жұмсақ жүрек арқылы жеткізу қандай ғанибет! Шындық тәтті болсын, ащы болсын, айтсам да, жазсам да ол аппақ ақиқат болуы тиіс. Адамға ақиқатты жеткізбей тұрып, мейірімді, ішкі тыныштығы берік адамнан ғибрат алып, оны түсінуім керек.
Шындықтың өзін адамға жеткізуші – терең ой мен кемел білім. Бұлар менің басты құралым болмақ! Егер менің шындығым құпия болып қалса, ерте ме, кеш пе ол жария болады. Тіпті, әлемдегі әрбір адамның басынан шындықты қабылдау, я шындықты жеткізу оқиғалары өткен. Бірде маған таныс құрбым: «Шындықты айт, әлде оның соңы жамандықпен аяқталмақ!» - деді. Әрине, мен онымен келісімді пікірде болдым. Менің де басымнан бұндай жағдай өткен.
Мен көрші құрбыма өзімнің кітабымды берген едім. Күн сайын ол маған ертең қайтаратынын айтып сылтау табатын. Бір аптадай уақыт өткенде, мен одан кітабымды талап еттім. Ал, ол болса оны жоғалтып алғанын айтты.
Кейде адамдар өздерінің жақындарын ренжітпес үшін шындықты жасырады. Міне, жақында менің анам маған қоңырау шалып:
- Сенің ағаң сырқаттанып қалды, әкең екеуіміз ауылға жол жүрейін деп жатырмыз... - деді. Ал, үйге киім-кешектерін алып кетуге келгенде, ағамның қара жер жастанғанын айтты. Менің көзім жасаурап, ащы моншақтар тама бастады.
Ақиқат – ол барша адамдардың айнасы. Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана келе, өмірден өз жолын, мақсатын табуға тырысады. Бұл жолды ащы ақиқат қиып тастап, жоққа айналдыруы мың талай! Ал, жағымды шындық менің мақсатыма жетуімді қадағалап, оны әрі өрбіте түседі. Егер мен әлемге махаббатқа толы жүрегіммен қарасам, шындықтың бәрі ізгі, әрі дұрыс, күмәнсіз ақиқатқа айналмақ.
Кейбір адамдар жалғанды әдейі айтады, ал, басқалары қиындықтарға жолықпас үшін шындықты жасырады. Сол үшін біз әдейі жалған мен жасырынған ақиқатты айыра білуімізді мақсат етемін.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Абай атындағы №2 лицей» КММ
7 «Ә» сынып оқушысы Есимханова Назерке
Пән мұғалімі: Байкулова К. М.
Ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет
- aiboll
- 17 қазан 2019
- 7270
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Шындық, ақиқат, эссе оқушыларға арналған, ақиқатқа сүйіспеншілікпен қызмет ет
Ұқсас жаңалықтар:
Ақиқат туралы ұлағатты сөздер
Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз. Ахмет Байтұрсынұлы Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам. Лев Толстой...Шындық туралы ұлағатты сөздер
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат -...Өтірік туралы мақал-мәтелдер
Өтірік деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салады. Әділет деген аға бар, Дұшпанның қолын қағады....Мен өмірді қалаймын
Несіне мен ақын болып жарадым, Тас төбеден шындықты алып шықпасам. Өр өлеңге жебе болып қадалдым, Болмас енді жалғандықты жықпасам....Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.