Сайтқа кіру Тіркелу

Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"

Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"
1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3) Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4) Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.
5) Таспен атқанды аспен ат - жеңісің. Содан кейін алшақ жүр.
6) Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7) Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8) Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.
9) Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10) Құмар ойын - əлсіздің əлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11) Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!
12) Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13) Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14) Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15) Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.
16) Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.
17) Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі жел қайық - жүзесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық батасың да кетесің.
18) Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз, өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
19) Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!
20) Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме!
21) Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!
22) Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.
23) Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!
24) Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын.
25) Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақыл туралы ұлағатты сөздер

Ақыл туралы ұлағатты сөздер

Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. Шәкәрім Құдайбердіұлы Жігіттер күн болды ойланарлық... Асыл сол ақыл, білім...
25 жасқа арналған құттықтау

25 жасқа арналған құттықтау

Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін....
Өсиет сөздер

Өсиет сөздер

 Байлыққа мақтану ақылдының ісі емес.  Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.  Кемтарларға, жетімге қамқорлық жаса, жәрдем бер, садақа...
Нақыл сөздер жинағы

Нақыл сөздер жинағы

Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе жерден табыласың... Мен жайлы жаман пікір айтатындардың, орны артта......
Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханың бай болсын, Қазан - аяққа май толсын. Төрт түлігің сай болсын, Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып ұяға, Қызың қонсын қияға. Келінің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×