Сайтқа кіру Тіркелу

Түйе - шөлге бейім жануар

Тақырыбы: “Түйе - шөлге бейім жануар”
Зерттеудің мақсаты: Еліміздегі мал шаруашылығының бірі түйе шаруашылығын зерттеуде адамзатқа тигізетін пайдасы, одан алынатын өнімдерді, ем - дом болатынын танып білу.
Зерттеудің өзектілігі: Ата - бабамыз түйені көлік ретінде пайдаланса, шипалы сусыны шұбатты емдік шипалығын насихаттау.
Зерттеудің болжамы: Ұмытылып бара жатқан түйе шаруашылығын қазіргі уақытта дамыту қажет
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Қазақтың түйе сүтінен жасалатын ұлттық сусыны – шұбат
3. Түйенің түрлері және ерекшеліктері
4. Түйенің адамға тигізетін пайдасы
5. Қорытынды.
Кіріспе:
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланған. “Жылқы малдың - патшасы, түйе - малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туылған болатын. Мереке - қуанышта, қайғы - қасіретте басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның айырылмас жан досы болған. Біздің жерімізде үй жануарларын өсіруге қажетті жағдайлардың бәрі бар. Шүйгін шөп, су, жайылымдық жерлер жеткілікті. Оның ішінде түйе шаруашылығының пайдасы мол. Түйе 150 - 200 кг. жүкпен 30 - 40 шақырым жол жүре береді. Қазақ халқы еті мен сүті, әрі тағам, әрі шипалы дәрі, жүні - киім, өзі - сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Сүтінен емдік қасиеті бар май, шұбат, сыр дайындалса, еті тағамға қолданылды, ал жүні 85 пайыз таза өте бағалы түбіттен тұрады. Барлық шөптің түрін жей береді, шөлге шыдамды. Олардың салмағы 550 - 650 кг, ол 10 - 12 кг. жүн беріп отырады. Басқа үй жануарларына қарағанда түйе біздің елімізде өте аз. Түйе киелі жануар – пайдасы да мол.
Қазақтың түйе сүтінен жасалатын ұлттық сусыны - шұбат
Шұбат - түйе сүтінен ашытылады. Бұл - әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті мол.
Түйенің түрлері және ерекшелігі
Түйенің жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай атаулары бар:
1. Бота
2. Тайлақ ( 2 жас)
3. Құнанша (3 жас)
4. Інген ( 4жас)
5. Атан ( 5 - 6 жас)

Түйе: күйіс қайтаратын, жұп тұяқты, шөл және шөлейтті жерлерге жақсы бейімделген үй жануары. Түйенің аналығын - іңген, аталығын – бура деп атайды.
Түйенің ботасын емізіп, сауу үшін көс - көс деп шақырады. Түйені су ішуге сорап - сорап деп шақырады.
Шөк - шөк деп түйенің тізесін бүктіріп, шөгеру үшін айтылған сөз.
Басқа жануарларға қарағанда түйенің ерекшелігі көп. Түйені пышақпен жүндейді. Малды ұстап байлайтын жабдықтары болады. Түйені мұрындық немесе бұйдамен байлайды. Түйе төлін 12 ай көтереді. Түйенің баласын бота дейді. Бір топ түйені келе - келе деп атайды. Түйені бағатын адамды түйеші дейді
Түйенің адамға тигізетін пайдасы

Ірі қара малдың сүті, еті үшін өсіреді. Үй жануарлары ең алдымен тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ал жүн, түбіт, теріден киім – кешек дайындауға болады. Оның ішінде түйе шаруашылығының тигізер пайдасы мол деп айтар едім. Басқа жануарларға қарағанда еті де, жүні де мол. Әсіресе сүтінен шұбат ашытып оны емге пайдаланылады. Ертеде түйені көлік ретінде пайдаланған. Бір түйеге кигіз үйді жабдықтарымен артып, бір жетіге немесе он күнге дейін су ішпей жүре береді екен. Олар 30 - 40 жыл өмір сүреді. Түйеден 350 - 450 кг. ет алынады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәрі, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің киесі санаған. Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі жүн. Тоқыма өнеркәсібі үшін бағалы шикі зат. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар әрі жеңіл, әрі жылы болады. Ел арасында шудадан жалпақ белдік тоқып, белі ауырғанда, сары су жиналған жерге тағады. Ата - бабаларымыз қасиетті жануар болғандықтан пір тұтқан.
Егер кісі түсінде түйе мінген болса, онда оны әулиелер қолдайды.
Егер кісі түсінде қонды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратқа жетеді.
Егер кісі түсінде қонсыз, көтерем түйеге мініп жүрсе, онда бұл жақсы емес. Түйенің адамға тигізетін пайдасы

Біздің елімізде мал шаруашылығы басты мақсатта болғандықтан мен түйе шаруашылығын дамытар едім. Біздің барлық жерлерде құрт, май, сүт өнімдері сатылуда. Бірақ, түйенің өнімдері ешқандай жерден табу оңай емес. Өйткені біздің елімізде түйе өте аз. Осы түйе шаруашылығын дамыту және одан алынатын өнімдердің адамдарға тигізетін пайдасы мол екенін ескерер едім. Шұбат әр дүкен сөрелерінде сатылатын болса, Қазақстанда тұрып жатқан әр азаматтың денсаулығы мықты болар еді. Түйе киелі жануар. Одан алынған өнімнің әкелер пайдасы мол.
Шет елдерден дәрінің 80 % сатып алынып жатыр. Осы өкпе, асқазан, ішек ауруларына шұбатты пайдаланса дәріханаларда, дүкендерде сатылып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Осы тақырыпты таңдаған себебім жануарлар әлемін жақсы көремін, оларды көбейтуді армандаймын. Болашақта мамандығымды осы салаға арнаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×