Ескі көздер бара жатыр азайып,
(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).
Ей, тірілер!
Соларды еске алып,
Тебіренейік, толғанайық, жазайық!
Кетті олар,
Келмеске енді жол алды,
Қажымайтын солдаты еді қоғамның.
Қасиетін паш етейік олардың,
Қателігін кешірейік олардың...
Мұқағали Мақатаев
Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!
1941 жылы фашистік Германия Кеңестік Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір - түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль - ордендермен марапатталса, 500 - дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100 - ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар – Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.