Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың ұлттық аспабы қобыз

«Қазақтың ұлттық аспабы қобыз»
Мазмұны:
Кіріспе
Мақсаты
Қобыздың тарихы
Қобыздың түрлері
Қобыз атасы - Қорқыт ата
Қорытынды

Кіріспе
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым!
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Қызыл қаршын тобылғы
Жәшік қылған қобызым,
Желмаяның терісінен
Қапшық қылған қобызым
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған қобызым!
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым!..
Мақсаты:
Қобыздың шығу тарихымен, түрлерін зерттеу.
Қорқыт ата туралы мағұлмат беру

Қобыздың тарихы
Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Қобыз екі шекті 40 - қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп - сүйкеп көсеп - көсеп жібергенде қою - қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады. Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын - қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи - этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай - ақ қойды. Әу бастан - ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын.

Қобыз атасы- Қортыт ата
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнінде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» — деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×