Тақырыбы: Туған жер
Апырай! Туған жер - ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазағым - ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім - деп ақиық ақын жырлағандай кіндік қаның тамып, туып өскен мекеніңді табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, Отаншылдық рухпен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Әр адам туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейді. Туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз.”Ит тойған жеріне – ер туған жеріне” немесе “Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас”- деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды туған жері, туған елі қымбат екендігі - деп ойлаймын.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне сондықтанда тіпті балалық шақтан бастап – ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Мен үшін аса қымбат жер Кеңқияқ кенті. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтуде.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің 7"В"класс оқушысы
Байбақты Ерназ Нұрланұлы
Туған жер
- Акслу
- 9 қараша 2014
- 65043
- 0
- 80
Ілмек сөздер: оқушы шығармасы, туған жер туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....Менің Отаным - Қазақстан шығарма
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға, Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба, құмырың бір қана ма? Уа, Дариға,...Менің туған өлкем
Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді....Туған жер туралы мақал-мәтелдер
Туған жердің торғайы да сүйкімді. Туған жердің торғайы Тұрымтайдай көрінер. Құлыны тайдай көрінер, Қыздары айдай көрінер....Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.