Сайтқа кіру Тіркелу

Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің
1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызы
Мұғалімі Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы

"Қызылордам - туған қалам"

Қызылорда қаласы
Болған бір кез астана.
Ал бүгінде құлпырып,
Өркен жайған жас қала.

Сұлу сырдың бойында
Жағажай да салынды.
Ми қайнатар ыстықта
Жадыратар жаныңды.

Сарқырама каналы
Жаңартылды қайтадан.
Оны дағы мен бүгін
Мақтанышпен айта алам.

Көше бойын жағалай,
Аспа шамдар тұр жанып.
Түнгі қала жайнайды
Күндізгідей нұрланып.

Сыр бойында осындай
Сәулетті бір қала бар.
Гүлзар бақта ойнайды
Шат - шадыман балалар.

Әр аулада салынды
Балалардың алаңы.
Сол алаңда балалар
Допты теуіп барады.

Мен де жүрмін құрбыммен
Жүгіріп те секіріп.
Анам отыр қарайлап.
Қалмаса деп мертігіп.

Кеш болғанын байқамай,
Жүрміз ойнап әлі де.
Балалардың шуылы
Ауламыздың сәні де.

Мен де туған қаламды
Айтып әркез мақтанам.
Көркейгенін күн сайын
Көремін де шаттанам.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ей Астана

Ей Астана

Саған жетем, келер шекте күн болып. Сенен өсемін, биіктерге өр болып. Сенен өрем, нұрлананамын жаһанға Құшақ жайғын жаңа қала Астана!...
Нұрын шашты...

Нұрын шашты...

Нұрын шашты... Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Кезінде қоныс болған Абылайға. Қазақтың шексіз, шетсіз байтақ жерін, Сұлулығын, шұрайлы табиғатын,...
Үздік сынып жетекші-2014

Үздік сынып жетекші-2014

Қызылорда қаласы, № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте өткізілген "Үздік сынып жетекші - 2014" байқауы Авторы: Еспенбетова Зағира...
Мектебіме арнаймын

Мектебіме арнаймын

Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы "Мектебіме арнаймын" өлеңі Мұғалімі...
Ақсуым – ару қалам, асқақтаған

Ақсуым – ару қалам, асқақтаған

Ақсу қаласы, Үштерек ауылының орта мектебінің 9-қазақ сынып оқушысы Төлеуқызы Мадина Өзімнің жүрегімнен жарып шыққан бұл өлеңді өзімнің туған жерім -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×