Сайтқа кіру Тіркелу

Шахмат пен математиканың байланысын зерттеу

Шахмат пен математиканың байланысын зерттеу

Кіріспе
Мен мектеп табалдырығын аттағалы шахмат үйірмесіне қатысамын. Шахмат әліппесін үйрендім. Шахмат - интеллектуалдық спорт түрі ғана емес, сонымен бірге баланың ойлау қабілетін дамытудың керемет құралы.
Шахматтың оқушы дамуына орасан зор мүмкіндіктерге ие екенін В. А. Сухомлинский де айтқан болатын.
Шахматты міндетті пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізу мәселесін көтеріп жүрген педагог ұстаздардың барлығы да бірауыздан шахматтың оқушы бойында өмірге қажетті қасиеттерді қалыптастыратынына сенімді. Балалардың ерте жастан дамуына шахматтың игі әсер ететіні көптеген зерттеулер барысында дәлелденген. Шахматқа үйрету мектеп бағдарламасына енгізілген Татарстан, Ресейдің Свердловск облысында шахматшы – оқушылардың барлық пәндер бойынша жалпы оқу үлгерімінің деңгейі едәуір жоғары екенін көрсеткен. Сингапур, Түркия, Греция, АҚШ, Испания сияқты мемлекеттерде жүргізілген эксперименттер осындай нәтижелерді көрсетті.

Бастауыш мектепте шахматқа үйрету пәні енгізіліп, оқытушы ұстаздар шахмат пен математиканың арасындағы терең және тығыз байланысты аңғара білуге үйретсе, онда бұл ежелгі, тамаша ойынмен айналысу оқушылар үшін өте пайдалы әрі нәтижелі болар еді.
Осы мәселенің зерттелуіне аз да болса, өз үлесімді қосқым келіп, ғылыми - зерттеу жұмысымның тақырыбын «Шахмат пен математиканың байланысын зерттеу»деп таңдап алдым.
Бұл тақырыпқа қызыққан себебім, мен шахматпен 8 жасымнан бері айналысып келемін және шахматты өте жақсы көремін.

Математика пәніне де ықыласымның зор болуына менің анамның ықпалы зор болды. Анам №32 мектеп - гимназияда 24 жылдан астам жұмыс істейді. Оқушылары үнемі математика пәні бойынша мектепішілік, қалалық, облыстық сайыстарда жүлделі орындарға ие болады. Шахмат адамның математикалық ойлауын, логикасын, зейінді шоғырландыру қабілетін дамытатынын сеніммен айтуға болады.
Осыдан келе, ғылыми - зерттеу жұмысымның мақсатын:
Математика мен шахмат арасындағы байланысты анықтау және балалардың дамуына шахматтың жағымды әсерін дәлелдеу деп айқындадым.

Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді:
→ мәселе бойынша ғылыми - теориялық әдебиеттермен танысу;
→ ғаламтор және ақпарат көздерінен мәліметтерді жинақтау;
→ шахматтың логикалық және математикалық ойлауды дамытуға жағымды әсерін зерттеу;
→ зерттеу нәтижелеріне талдау жасау.

Зерттеу объектісі: шахмат тақтасындағы математика.
Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілеті.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер:
1. Теориялық әдістер
• модельдеу
• абстрактілеу
• жинақтау
• талдау
2. Эмпирикалық әдістер
• бақылау
• салыстыру
• анкета жүргізу
• сұхбаттасу
3. Математикалық әдістер
• статистикалық мәліметтерді өңдеу
Зерттеу жұмысының практикалық бағыттылығы: мектепке шахмат қажет пе? деген сұраққа жауап іздеуде; мектепте шахмат пәнінен факультатив сабақ немесе үйірме ұйымдастыруға назар аудартуда болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: бастауыш мектепте шахмат тақтасында орындалатын математикалық және геометриялық сипаттағы тапсырмалар жинағын дайындауы.

1 - тарау. Мектепте балаларға шахмат үйретудің қажеттілігі.
§1. 1. Тәжірибелі шахматшы - педагогтардың ой - пікірлеріне шолу.
Мектепте шахматқа үйрету тәжірибесімен бөлісетін педагогтардың баспасөз беттеріндегі жарияланымдары қазіргі таңда өте аз. Бұл мәселені зерттеуде тек қана мектепке арналған, әлемдегі ең тұңғыш шахмат - оқулықтың авторы Игорь Георгиевич Сухиннің еңбегі орасан зор.

Жастық шағында математика пәнінің мұғалімі болып, кейіннен гроссмейстер атанған Рихард Рети «Жас кезімде менің сүйіп айналысқан екі ісім болды: математика және шахмат. Кейіннен математиканы шахматқа айырбастаған себебім кейбіреуге оғаш көрінуі мүмкін: математикаға қарағанда шахматта нағыз өмір бар»,- дейді. Ал данышпан философ Эвальд Ильенковтың 1984 жылы «Наука и жизнь» журналында жарияланған «Мектеп ойлауға үйрету керек» деген мақаласында былайша тұжырымдайды: «Ойлауға үйрету – бұл ең алдымен диалектикаға үйрету... Диалектикалық тұрғыда ойланатын адам диалектикалық тұрғыда ойлана алмайтын адамнан несімен ерекшеленеді? Өзімен - өзі оңаша, «оппонентсіз», «дұрыс» және «бұрыс» жақтарын ой елегінен өткізе білу дағдысымен ерекшеленеді».

Ендеше, шахмат та ең алдымен осыған үйретеді емес пе? Шахмат ойынында қарсылас жақтың позициясына ойша ене алмасаң, оның барлық мүмкіндіктерін ескермесең, онда күшті қарсыласыңды жеңбек түгілі, әдемі этюдті де шығара алмайсың. Шахмат – диалектикалық ойлауға үйрететін бірден - бір мектеп емес пе?!

Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның
4 сынып оқушысы Мұхамбетшәріп Махамбет Жанкелдіұлы
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Раева А. Ж.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×