Сайтқа кіру Тіркелу

Қымыз жанға – дауа, дертке – шипа

КІРІСПЕ

Мені осы тақырып қызықтырған соң ата - анамның, ұстазымның көмегімен, Құрашасай мекеніндегі Нұрмановтар отбасымен, күнделікті тұрмыс - тіршілігімен, соның ішінде жылқы, яғни бие сауып, қымыз дайындайтын жеке шаруашылығымен таныстым.
Биелердің тұрағын, қалай, немен қоректендіретінін өз көзіммен көрдім. Биені қолмен сауады екен және де 2 сағат сайын. Қалай ашытады, ондағы тазалық жұмыстары, осыншама еңбектен түсетін табыс, оның жолдары, осылар жайында сұрап білдім.

Осыдан кейін бұл кісілер маған мынадай кеңес берді:
- «Биенің жаңа сауылған сүтін күніне бір рет ішіп тұрсаң қанның құрамындағы гемоглобин көтеріледі. Өзім қатты ауырдым, өте жүдеу, ап - арық болдым, үнемі қымыз ішіп, құлан таза жазылдым» - деді Қаракөз апа.
Біздер қош айтысып, бұл отбасына рахметімізді айтып, еңбектеріне табыс тілеп кейін қайттық.
Қазақ халқына төрт түліктің маңызы зор. Дегенмен, ерте заманнан жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланған.
1. ҚЫМЫЗ ТАРИХЫНА ШОЛУ
«Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы» деген мақалдың айтылуы тегін емес. Мерекелерде, басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі, досы болған.
Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымының докторы, профессор З. С. Сейітов бұл сусын көптеген халықтарда өте ерте кезден - ақ белгілі. Біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын, оның дайындау құпиясын ешкімге айтпайтынын жазды, сол сияқты ұлы орыс ақыны А. С. Пушкин де жақсы пікір айтқан. Ең алғаш қымыздың емдік қасиетін біліп емдеген Уфа қаласының дәрігерінің бірі – Авенариус болған.
Ұлы орыс жазушысы Л. Н. Толстой Самара қаласында, А. П. Чехов атындағы «Андреевск» санаториясында қымызбен емделген. Ең алғашқы санатория 1858 жылы Самара (қазіргі Куйбышев) қаласына 6 км жерден ашылған.

Қазақстанда қымызбен емдейтін емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды, Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген. Осы күндерден бастап қымыз басқа ашытылған сүт өнімдерінен артық екендігі белгілі болды.
Қазіргі кезде іргеміздегі ірі ел – Ресейде қымыз өндірумен айналысатын кәсіпорындар қарқынды дамуда. Бір ғана мысал: Осыдан он үш жыл бұрын Башқұртстаннан 200 жылқы әкеліп, қымыз өндіре бастаған С. Веремеенконың Тверь облысындағы «Снайп» атты шаруашылығы бүгіндері мың басқа жуық сауын биесі бар үлкен кәсіпорынға айналып үлгерген. Деректер бойынша, Ресейде қымыз өндірумен айналысатын жүзге жуық кәсіпорын бар.

Енді мына қызықты қараңыз: табиғаты аса қатал, бие байлауға жайсыз, Саха елі осыдан он жыл бұрын «Саха Республикасындағы қымыз өнеркәсібі туралы» арнайы заң қабылдап, қымызды әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қатарына қосып қойыпты. Франция мен Германияда қымыз өнеркәсібінің қалай тамырланып келе жатқаны белгілі. Кезінде Көкшетау өңіріндегі жылқы шаруашылығында істеген бір неміс азаматы байырғы еліне барған соң кәдімгідей бие байлап Мюнхен қаласына жеткізіп тұрады екен. Онда қазақ елшісі Ерік Асанбаев мейман болып, өз көзімен көріп қайтқанын білеміз. Осы неміс халқының «Эквимед» компаниясы қазақстандық профессор Кеңесхан Дүйсенбаевтың технологиясы бойынша бие сүтінен ең кішкентай нәрестелер үшін ана сүтінің орнына қолданылатын ғажайып қуаты бар тағамдар әзірлейді екен. Қымыздың әлдеқашан брендке айналып қойғанына осыдан артық қандай дәлел керек?

Ақтөбе қаласы №32 мектеп – гимназиясы
Бағыты: Валеология
Орындаушы: 2 «В» сынып оқушысы
Қанымқұл Миржан Нұрболатұлы
Жетекшісі: Ахметова Элеонора Дүзжасарқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×