Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп
өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.

“Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар” деген нақыл сөзден халқымыздың ықылым замандардан-ақ білімнің қадірін білгендігін аңғару қиын емес. Бұл күнде осы аталы сөздің өзектілігі артпаса, кеміген жоқ. Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті.
Жыл санап елімізде білім беру жүйесі жаңғырып, қарыштап дамып келеді. Бұған халықаралық талаптарға сай келетін білім ошақтары мен білікті ұстаздар қауымы айқын дәлел. Олай болса, бүгінде заманауи талаптарға сай мамандарды дайындап отырған білім ошағы – Экономика, бизнес және құқық колледжі туралы сөз қозғамақпыз. 1956 жылы негізі қаланған колледж 2001 жылдан бастап ҚҚЭУ құрамына еніп, оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Студенттердің жан - жақты, сапалы білім алуы үшін колледж тарапынан барлық жағдай жасалған. Бұған өзіміз де куәміз. Атап айтсақ, материалдық базасы жақсы жабдықталған кітапхана, спорт залы, тренажер залы, компьютер сыныптары, ақпараттық білім беру орталығы, виртуалды кәсіпорын «Салық комитеті» студенттерге қызмет көрсетеді. Сондай - ақ, университет ғимаратында асхана, «Миллениум» кафесі, студенттер сарайы, психологиялық, медициналық және тіс емдеу кабинеттері қызмет көрсетіп отыр.
Колледжде бүгінгі күннің талабына сай сұранысқа ие болып отырған «Құқықтану», «Әлеуметтік жұмыс», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг», «Ақпараттық жүйелер», «Метрология, стандарттау және сертификаттау», «Тамақтандыру өндірісі тағамдарын технологиясы және оны ұйымдастыру», «Туризм» мамандықтары бойынша ынталы жас мамандарды дайындайды.
М. Әуезов айтқандай «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»,- деген сөзіне сүйенсек, бұл орайда мамандық тандаудың маңызы зор екенін естен шығармау керек. Елбасы жан - жақты дамыған, білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеп отыр. Колледж ұстаздарының білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектері бағалауға тұрарлық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан аза¬маттарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын.

Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы әскери - патриоттық тәрбие беруде жұмыс жос¬парына сәйкес ауыз толтырып айтарлықтай тыңғылықты іс - шаралар өткізді. Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер, мұражайларды аралау, әскери - спорттық жарыстар өткізу, сап және ән байқауы, жастардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әскери бөлімдерді аралау және т. б. Қалалық және облыстық жарыстарға қатысу, сияқты іс - шаралар студенттердің бойындағы шыдамдылық, батылдық, топпен бірге жұмыс істеу, спортқа деген сүйіспеншілік, рәміздерге, ел тарихына деген құрмет сезімдерін оятады.
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Жас ұрпақты Отансүйгіштіккке тәрбиелеу отбасынан бастау алып, білім ошақтарында жалғасын табады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу – барлық оқу орындарының, барлық пәндердің, соның ішінде «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің алдында тұрған басты міндет. «Алғашқы әскери дайындық» пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының моральдық - адамгершілік сипатында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 - 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу бағдар¬ламасының негізгі мақсаты – саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің айтсақ, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжі – бүгінгі күннің заманауи талаптарына сай қызмет көрсететін білім ошағының бірі. Ал, ұстаздар ұжымы болса білімді, жігерлі, өз болашағына нық сенімді жас ұрпақты тәрбиелеу үшін тынымсыз еңбек етуде. Осындай білгір, білімді, қажырлы да қайратты ұстаздардан білім алып, қанаттары қатайған шәкірттерден болашақта Қазақстан Республикасының экономикасына зор үлес қосатын нағыз мамандар шығатынына сенімдімін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара. АҚ күні және әскери - спорттық мереке....
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Б. Жұмабеков, Қазтұтыну одағы ҚЭУ - дің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушы - ұйымдастырушысы...
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу

Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу

Әскери патриоттық тәрбие беру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаудың міндеттерін шешу үшін қажетті, патриоттық және рухани -...
Жастардың бойында патриоттық сезiм

Жастардың бойында патриоттық сезiм

Бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық...
Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер

Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер

Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер Бұл жинақтан алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған дайын стендтер эскиздерін таба аласыздар....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×