«Менің Отаным Қазақстан»
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмырың бір қана ма?
Уа, Дариға, алтын бесік – туған жер.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны есімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап – ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір - бірімен тамырлас, әрі тағдырлас. Әрбір адамзат баласының туған жері бәрінен де қымбат. Себебі, кіндік кескен жерінде өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып адам болып қалыптасады.
«Отансыз адам, армансыз бұлбұл», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешеді. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.
Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Покровка ауылынан басталады. Дәл осы ауылда менің көңілді де, бақытты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным, және мектепке барған көше әлі есімде. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күн... Сыныптас достарымен алғаш рет таныстық. Мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма елестетемін, мектептегі күндерім, өте қызықты өткен екен. Сыныптастарымен сыныптың ішінде ойнап, жүгіріп жүрген кез, мұғалімдерден ұрыс естіген кездер өте көп болған. Ал, қазір кішкентай ұлдарымыз ер жетіп, қыздарымыз бой жетті. Қазір 11 сыныпта оқимыз. Бүгінгі білім ордасымен, сыныптас достарымен қоштасар сәттік жақындағанына да сене алмай тұрмын. Орта мектепті бітіруге санаулы күндер қалды, сыныптас достарымыз бен жан – жаққа, Қазақстанның түпкір – түпкіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалық шақпен қоштасуым керек екенің ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді.
Міне әне – міне дегенше сүрлеу – соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылмақ.
Жас түлек – болашақ үлкен бір мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір мені қайда жетелесе - сонда жол тартпақпын. Әр адамның өмірден өз орнын тапқаны дұрыс қой. Дегенмен, «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойларды ойласам, қазірден – ақ туған жеріме, киелі құт мекеніме деген сағынышым арта түседі.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жие ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтарда бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі. Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихын мен салт - дәстүрін білу керек. Ол байырғы көркем Қазақстанда бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Туған жерге, Туған тілге, Туған елге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай. Отан туралы, туған жер туралы, жан толғанысын айтып тауыса алмаспын, сірә!
Туған жерге деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сындардан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің тағдырын біле жүрейік дегім келеді.
Менің Отаным - Қазақстан шығарма
- ramuk_b
- 16 мам 2019
- 4967
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің Отаным - Қазақстан шығарма, эссе менің отаным, туған жер
Ұқсас жаңалықтар:
Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?...Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел....Отан сүйген ұланбыз
Тақырып: Отан сүйген ұланбыз Құндылық: сүйіпеншілік, қиянат жасамау Қасиеттер: отансүйгіштік, сүйіспеншілік Мұғалiм: Сатбекова А. Е...Менің Отаным Қазақстан
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ 2 "Ә"сынып оқушысы Қадыр Мария Жетекшісі: Сауытбаева Гульмира...Туған жер
Апырай! Туған жер - ай! Теңдесер кім Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. Кіндігімді байлаған қазағым - ай Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.