Абайдың он екінші қара сөзі
ОН ЕКІНШІ СӨЗ
Кімде - кім жақсы - жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде - кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа - ләкин, кімде - кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін - өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.
Абайдың басқа да қара сөздері
Қара сөздер. Абайдың он екінші қара сөзі
- ramuk_b
- 25 қараша 2018
- 1538
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абайдың он екінші қара сөзі, абай құнанбаев қара сөздері, абайдың қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, Абайдың он екінші қара сөзі
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі
Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді,...Қара сөздер. Абайдың он алтыншы қара сөзі
Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді....Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті...Қара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзі
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы...Имандылық – ізгіліктің негізі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.