Сайтқа кіру Тіркелу

Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев
Музыка 4 сынып
Осы сабақтағы оқу мақсаттары:
1. Қобызға арналған күйлерді ХХ ғасырда дамытушы күйші Дәулет Мықтыбаев өмірімен, шығармашылығымен танысу
2. Ықыластың «Шыңырау» күйінің шығу тарихымен танысу
3. Ән айту қабілетін дамыту
4. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін - өзі таныған, ақыл - ойын жан - жақты дамытқан өзіндік пікірі қалыптасқан, адамгершілікке, дос болуға адал оқушы тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: Түсіндірмелі, диалогтік оқыту әдісі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану

Басы.
1. Осы күні сыныптағы оқушылардың санын білу және оқу құралдарының әзірлігіне, көңіл – күйлеріне мән беру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі көңіл – күйлерің қалай?

Ортасы
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Армысың сен әлем,
Армысың сен жарық күн,
Армысың, армысың
Абзал адам армысың!
Здравствуй, мир
Здравствуй, свет
Здравствуй, добрый человек!
- Жарайсыңдар!
- Балалар, мына түрлі түсті ноталарды таңдау арқылы топқа бөлінеміз. Әр түсті нотаның өз кілті бар, сол кілт сәйкес келсе, сол орынға отырамыз.
1 - топ. “Әншілер ”
2 - топ. “Домбырашылар”
3 - топ. “Қобызшылар ”

Үй тапсырмасын еске түсіріп, одан әрі жаңа сабаққа көшу
«Алтын сандық» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Ғарифолла Құрманғалиев қай облыста дүниеге келген?
- Орал облысы Қаратөбе ауданы
2. Ғарифолла неше жасынан бастап ән салды?
- 10 жасынан бастап
3. Ғарифолланың ұстаздары кімдер?
- Мұхиттың атақты шәкірттері Шыңтас пен Шайхы
4. Ғарифолла қандай операларда рөлдерде ойнады?
- «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан - Сара» сынды көптеген операларында 20 - дан астам рөлдерде ойнайды.
5. Ғарифолланың ұстаздары кімдер?
- Мұхиттың атақты шәкірттері Шыңтас пен Шайхы
6. Ғарифолланың шәкірттері кімдер?
- Әскербек Еңкебаев, Қажыбек Бекбосынов, Қапаш Құлышева, Сәуле Жанпейісова
7. Мұхит кімнен бата алған?
- Ақын Бала Ораздан
8. Не себепті Мұхиттың әні «Үлкен айдай» аталып кетті?
- Ақын Бала Оразға арналған
9. Шежіреші дегенді қалай түсінесің?
- Көне көз, көп білетін білгір

Дауыс жаттығуы:
Ән орындау: Өлеңі: С. Тойлыбаев, әні: А. Исағұлова
«Отаным - Қазақстан» әнін орындау
1- топ – әннің бірінші шумағын,(адымдап тұрып орындайды)
2- топ – қайырмасын, (қолды шапалақтау арқылы)
3- топ – екінші шумағын,(аспаптармен сүйемелдеп)
- Жарайсыңдар!
(Қарсы топтар бағалау парақшаларға бағалайды)

2. Ой шақыру:
Қобызбенен сыйлаған,
Қорқыт, Ықылас күйлерін.
Халқына өшпес мұра етіп
Күйші ұстаз атанған кім?
- Балалар, менің қолымдағы қандай аспап?
- Қобыз.
- Қобызда кімдер ойнаған?
- Қобызшылар.
- Қобыз аспабының негізін қалаған кім?
- Қорқыт ата
- Сонымен қатар, балалар, қобыз аспабында ойнаған осы күнге дейін түрлі көңіл – күйдегі күйлерді бізге орындап жеткізген күйшілерден кімдерді білесіңдер?
- Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев,
Музыка тыңдау: Енді, балалар, сол атап айтқан күйшілердің ішінде Ықылас Дүкенұлының «Шыңырау» күйін Дәулет Мықтыбаевтың орындауында тыңдайық.
Жаңа сабақты өткен күйші - қобызшылармен байланыстыру.
- Портреттегі кісі сендерге таныс па?
- Атақты қобызшы күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев.
Оқулықпен жұмыс: «Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев»

Постермен жұмыс:
1 - топ: Әншілер: «Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев өмір мен
шығармашылығы»
2 - топ: Домбырашылар: «Күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлы»
3 - топ: Қобызшылар: «Ықыластың «Шыңырау» күйінің шығу тарихы»
- Ықылас нені көреді?
- Балапандарға қандай қауіп төніп тұр екен?
- Ықылас қандай әрекет жасайды?
Ия, Дұрыс айтасыңдар! Біздің бұл оқиғадан шығаратын қорытындымыз. Адам мен құстардың, яғни жануарлардың арасындағы достығы. Сонымен, енді балалар, сендерге тапсырма 1.«Дос» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Парақшаларға өз түсініктері бойынша жазып шығады.
1 - топ: Дос дегенді қалай түсінеміз соны жазып болған соң, әр оқушы өз ойын айтады.
2 - топ: «Достық» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды бір ғана суретпен бейнелеп беру, 1 минут уақыт беріледі.
3 - топ: 5 саусақты қолғап беремін, ол қолғапқа алдарыңызда тұрған ұзын парақшаларға өздеріңіздің тобыңыздағы достарыңыздың есімін жазып саламыз.
- Яғни, бұдан шығаратын қорытынды: «Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді».
Жарайсыңдар, балалар! Осыған байланысты, біз бүгін «Дос болайық бәріміз» әнін үйренеміз.
Әнді тыңдап алайық. И. Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз» әні.
Ән көтеріңкі көңіл күйде орындалады. Әнді ямаха аспабының сүйемелдеуімен орындату.
- Балалар тыңдаған күйімізбен үйренген әніміздің арасында қандай ұқсастық бар?
- Достық

Соңы
«Ой қорыту» стратегиясы
1. Бүгін мен не үйрендім?
2. Маған не ұнады/ ұнамады.
3. Жаңа сабақ бойынша пікірің, сұрағың.
«Мен бүгін не білдім...» сұрақ аясында оқушылардан сұрап өту
Тақырыпқа байланысты түрткі сұрақтар беру
Оқушыларды бағалау парақшаларымен бағалау.
Үйге тапсырма: Күйші – ұстаз Дәулет Мықтыбаев туралы оқып, «Дос болайық бәріміз» әнін жаттау, дос туралы мақал жаттау

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің музыка пәні мұғалімі
Дуйсенгазиева Алмагул Бисенбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қара қобызды сарнатқан Жаппас Қаламбаев

Қара қобызды сарнатқан Жаппас Қаламбаев

С. тақырыбы: Қара қобызды сарнатқан Жаппас Қаламбаев С. мақсаты: Күйші – композитордың шығармашылығымен танысу...
Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев

Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев

Оқушыларға сырлы әндерімен халыққа танымал әнші, композитор А. Қоразбаев туралы мәлімет, тың ақпараттар бере отырып, өнерге деген көзқарас...
Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев

Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев

Қайталанбас өнер иесі, Мұхит әндерінің сынын, бояуын бұзбай бізге жеткізуші талант иесі Ғарифолла Құрманғалиев туралы жаңа сабағымызды бастамақпыз....
Мен білетін

Мен білетін "ми" нотасы және күйші Ықылас Дүкенұлы

Халық фольклорының адам өміріндегі маңызын терең түсінетін музыкалық сауатты эстетикалық рухани жағынан тәрбиелеу. Халқымыздың музыкалық...
Қорқыт ата

Қорқыт ата

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Бижанова Мира Сисенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×