Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының биі

Мақсаты 1. Оқушыларды қазақ халқының ұлттық биімен таныстыру
2. Оқушыларды би өнерінің әсемдігімен, эстетикаға тәрбиелеу
3. Дамытушылық міндеттері: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, ойын, тілін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, үнтаспа
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері
Әр адамның бас әрпіне байланысты, сын есімді жақсы сөздер айтылу керек. Мысалы: Дариға - дарынды, Шұға - шыдамды. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа
дайындау
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Хор өнері» тақырыбын сұрау, түсініктерін айтқызу
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезең.
Берілген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы білімдерін жан - жақты тексеру. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану ІV. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi. Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», «Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән - би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан - жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар. Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс - тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын.
Қазақ билерi - көбiне - көп нақты белгiлi бiр тұрмыс - тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдiң сән - салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы - мұңын, әл - қуатын дәлме - дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Хореографиялық бiлiм алған кәсiпқой бишi де бидi қойған кәсiпқой балетмейстер де жаңа дүниенiң сапасына бiрдей жауапты. Бишi «бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек мән берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол бишiнiң биi көңiлден шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты өзiндiк ерекшелiгi, мiнез - құлқы бар екенiн бишi әсте естен шығармауы керек.
Сергіту сәті Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып. Ой сергітеді, шаршағандары
басылады
Ой толғаныс «Ұйқасын тап» ойыны
1. Менің ағам Сансызбай,
2. Жасады маған.......... /Сазсырнай/
3. Жылаған соң інімді аяп,
Жасап бердім.........../Асатаяқ/
4. Тоныма орап кетіп ем
Бүлінбепті............. /Жетіген/
Үйге тапсырма 76 - 78 бет оқу, әңгімелеу Күнделіктеріне жаздырту
Бағалау Үй тапсырмасын, жаңа сабаққа белсене қатысушы оқушыларға баға қою
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Көне аспаптар сыр шертеді қобыз және скрипка.
Мақсаты Қобыз және скрипка аспаптарымен танысады. Сезімділік, музыканы толғаныспен қабылдауға, оны түсінуге, шығарманың көркемділігін қабылдауға, оны түсінуге, ән айтуға, музыка тыңдауға, қимыл - ырғақ, сурет салу, ойындар ойнауға үйренеді
Көрнекіліктер: Проектор, оқулық, дәптер, стикер, бейнетаспа т. б.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері
Әр адамның бас әрпіне байланысты, сын есімді жақсы сөздер айтылу керек.
Мысалы: Дариға - дарынды, Шұға - шыдамды. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру кезеңі
1. Үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптар, ішекті аспаптар.
2. Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптар қалай аталады?
3. Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланды?
4. Ұрмалы аспаптарды ата.
5. Үрлеп ойнайтын аспаптарды ата.
6. Сыбызғыны қалай ойлап тапқан?
7. Балаларға арнап қандай музыка аспаптарын жасаған?
8. Дыбысын аңшылар ғана естіген аспап.
Бұл қандай аспап?- тыңдап, аспаптарды ажырату. Сұрақтарға - жауап Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану «Бұл қандай аспап» ойыны.
Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды. Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуы керек.
Ең соңғы екі аспап қобыз бен скрипка.
Қобыз бен скрипка аспабы – бір - біріне ұқсас аспаптар.
Қобыз ағаштан жасалды.
Ысқышпен ойналады.
Қобыздың атасы Қорқыт ата.
Скрипка қобыз аспабынан кейін Еуропада дүниеге келді. Үні нәзік, әсем сазды. Оны “музыкалық аспаптардың патшайымы” деп атайды. Оны ертеректе тізеге қойып орындаған. Дегенмен, сауықшыл Еуропалықтар билегенді ұнататын. Сөйтіп оны енді иыққа қойып ойнай отырып билеп те үлгерген екен. Содан бері оны скрипканы иыққа қойып ойнайды. Сипаттау арқылы
Сергіту сәті «Табиғат құбылыстары»- ойыны
Мұғалім: « Жай жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен жай тырсылдатады.
Мұғалім: « Қатты жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен тез тырсылдатады.
Мұғалім: «Жел тұрды»
Балалар: Ысылдайды (желдің дыбысын салады)
Мұғалім: «Боран соқты»
Балалар: Гуілдейді
Мұғалім: «Қар жауып кетті»
Балалар: Қол шапалақтайды. Ой сергітеді, шаршағандары
басылады
Ой толғаныс «Ұйқасын тап» ойыны
1. Менің ағам Сансызбай,
2. Жасады маған.......... /Сазсырнай/
3. Жылаған соң інімді аяп,
Жасап бердім.........../Асатаяқ/
4. Тоныма орап кетіп ем
Бүлінбепті............. /Жетіген/
Жаңа сабақты пысықтау.
1. Қобызға ұқсайды.
2. Еуропалық аспап.
3. Оны иыққа қойып ойнайды.
4. Біз білетін 5 түрлі ішекті аспапты ата.
5. Бұл қандай аспап? Аспаптар көрсетіледі.
Қобыз, скрипка, дауылпаз, сыбызғы. т. б жауап береді
Үйге тапсырма Мәтінді оқу, өлеңді жаттау Күнделіктеріне жаздырту
Бағалау Смайлик арқылы бір - бірін бағалау Оқушылар смайлик арқылы бір - бірін бағалау
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×