Сабақтың тақырыбы: Домбыра және қобыз аспабының түрленуі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру арқылы аспаптық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Дамытушылық: Әр түрлі аспаптардың тембрін ажырата білуге үйрету. Оқушының өз бетімен оқып үйренуіне ықпал жасау, музыкалық шығармаларды өзіндік ерекшеліктеріне талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Оқушылардың ән - күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: топтық сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыстар, музыкалық - дидактикалық ойындар;
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: музыкалық аспаптар; интерактивті тақта Суреттер, слайдтар, тапсырмалар кестесі, бағалау кестесі, семантикалық карта. стикерлер
Күтілетін нәтиже: Аспаптардың үнінен ажырата білуі, композиторлармен танысуы. Ән орындау барысында мәнеріне келтіріп, сүйіспеншілік сезіммен орындау.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі. (Топқа бөліну.)
II. Үй тапсырмасын сұрау. Ой толғау.
III. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру
VII. Кері әсер парағы. ( Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады, не ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...)
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөліну: Домбыра, Қобыз. Баян. Пианино - Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа; топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді; - ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады; - жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;
Мұғалім: Музыка сабағының ұранын айтамыз. «Өнерді үйрен, үйрен де жирен»
Бұл ұранды дауыс жаттығуында пайдаланып айтып көрейік. Төмен және жоғары қайталаймыз. «До, ре, ми, фа, соль - ө - нер - ді үй - рен, үй - рен де жи - рен»
II. Үй тапсырмасын сұрау: 1 Интерктивті тақтамен жұмыс Сұрақ - жауап
2, Халық әні «Бипыл» жатқа орындау.
1. Сұрақ - 1 ұяшық «До» ---- Оркестр деген не?
2ұяшық «Ре» ------ Қазақ ұлт аспаптар оркестрі қашан құрылды?
3 ұяшық «Ми» ----- Дирижер дегенді қалай түсінесің?
4 ұяшық «фа» ---- Ең алғашқы ұлт аспаптар оркестрінің дирижері кім?
5 ұяшық «Соль» ---- А. Жұбанов туралы не білесің?
6 ұяшық «Ля» --- Оркестр ең алғаш неше адамнан құрылды?
7 ұяшық «Си» ---- Қазір бұл оркестр қандай күйшінің атымен аталады?
2, Әнді жатқа айту (Хормен қайталау, жеке орындау)
III. Жаңа тақырып. Мағынаны тану.
Әр топқа карточкалар таратылады. Онда:
1. ФДФОФМФБФЫФРФАФ
2. ФЖФӘФНФЕФ
3. ФҚФОФБФЫФЗФДФЫФҢФ
4. ФТФҮФРФЛФЕФНФУФІ «Ф» әрпін алып тастау арқылы бүгінгі өтетін тақырыбымыздың атын шығарулары тиіс.
Жұмбақ: Қатар – қатар текпішек
Ұзын мойын екі ішек
Басып көрсең бір – бірлеп
Үн шығады күмбірлеп
Домбыра - Қағып, шертіп тартылатын аспап. Негізінен 2 - ішекті болып келеді., 3 ішекті домбыралар да бар. Оркестр болып орындау үшін оған түрлі аспаптар қажет болды. Жаңадан жасалған аспаптарға әр түрлі еуропалық атаулар берді. Домбыра тобына жататын аспаптар – «Домбыра - прима» «Домбыра - альт» «Домбыра - бас» «Домбыра - контрабас» Оркестрдегі барлық аспаптар түр пішіні жағынан бірдей болғанымен, көлемі жағынан әртүрлі болды. Аспап көлемі жағынан үлкен болған сайын үні де қою әрі төмен болды. Домбыра аспабын өзгертуге де тура келді. Бұрын домбыраға қой шегі тағылған болса, қазір нейлон ішектермен ауыстырылды. Қазіргі таңда домбыра аспабында шығармалар ойнау кәсіби түрде дамыды. Сол себепті тек күйлер емес сонымен қатар еуропалық шығармалар орындауға көп мүмкіндіктер туды.
Қарағайдан жасалған,
Қорқыттан мұра боп қалған.
Мың бір түрлі үні бар,
Тарихта жетпес құны бар. Жауабы: « Қобыз» ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Қобыз - таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құстың дауысына ұқсатады. «Оның дауысы аспаптың шегін аттың жалынынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас шығады» дейді – П. Паллас. Өзіміздің музыка зерттеушіміз Б. Сарыбаев қобыз үнін адамның ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген пікір айтады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары жылқының қылынан жасалады. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалған. Қобыз аспабының негізінде «Қобыз - прима» «Қобыз - альт» «Қобыз - альт» «Қобыз - контрабас» пайда болды.
Сонымен қатар қазақтың домбыра және қобыз аспабының негізінде оркестр құрамында жаңаша аспаптардың көптеген түрлері келді. Халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина күйлері оркестрдің орындауында сахнаға жаңаша түрленіп шықты.
Музыка тыңдау: Құрманғазының күйі «Адай» домбыра аспабында орындау.
Ықыластың күйі «Жез киік» қобыз аспабында орындау.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Жоғалған ноталарды табу» ( Карточкалар таратылады. Дайын болған топ қол соғады. 1 - ші және 2 - ші белгі берген топтан сұралады.)
1. РЕ. ФА. СИ. ДО. МИ. РЕ. ДО. МИ. СИ. -------------Жауабы: СОЛЬ. ЛЯ
2. СОЛЬ. МИ. РЕ. ЛЯ. СИ. РЕ. СОЛЬ. СИ. МИ--------Жауабы: ДО. ФА
3. ДО. РЕ.. ФА. РЕ: ДО. ФА. ЛЯ. До.------------------- Жауабы: МИ. СИ. СОЛЬ
4. ЛЯ. СОЛЬ. ДО. ЛЯ: МИ. ЛЯ: ДО. СОЛЬ------------Жауабы: РЕ. ФА. СИ
Музыкалық диктант: (Нота дәптерімен жұмыс)
IV. Жаңа сабақты бекіту. Семантикалық карта.
Атауы Домбыра Қобыз
1 Қыл - +
2 Прима + +
3 Альт + +
4 Бас + +
5 Контрабас + +
IV. Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау.
Оқушылар жалпы сабақ барысы бойынша бағаланады. Алдын ала дайындаған бағалау кестесі бойынша әр топтың балы қойылады. Жекелеген оқушылардың іс - әрекеттері бағаланып, марапатталады.
VI. Үйге тапсырма беру:
1. Қобыз және домбыра сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
2. Қобыз және домбыра аспабы туралы қосымша мәліметтер жазу.
3. «Бипыл» әнін қайталау.
VII. Кері әсер парағы. ( Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады, не ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...)
Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі
- nurilla
- 26 желтоқсан 2015
- 9413
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік жоспар музыка 3 сынып
Күнтізбелік жоспар Музыка 3 сынып Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат...Аспаптық музыка
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №36 орта мектептің жоғары санатты музыка пәні мұғалімі Абдикаликова Кульбарам Абенқызы...Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!
Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар
ШҚО, Аягөз ауданы, «Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Калиева Роза...Дәстүрлі күйшілік өнер
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.