Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру арқылы аспаптық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Әр түрлі аспаптардың тембрін ажырата білуге үйрету.
2. Оқушылардың ән - күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы:
1. Ақпараттық технология
2. Ұжымдық оқыту технологиясы.
3. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: семантикалық карта, кіріспе сұрақтары, үлестірмелі парақ, БҮҮ кестесі, бағалау сұрақтары, музыкалық - дидактикалық ойындар;
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютер, ән - күй таспа, маркерлік тақта, маркер, музыкалық аспаптар;
2. Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, тапсырмалар кестесі, бағалау кестесі;
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, ана тілі, бейнелеу өнері;
Күтілетін нәтиже: Аспаптарды үнінен ажырата білу, композиторлармен танысу. Ән орындау барысында мәнеріне келтіріп, сүйіспеншілік сезіммен орындау.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Ой толғау.
3. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау.
Бағалау қадамдары: жеке жұмыс, топтық жұмыс, жалпы сабақ барысы.
6. Кері әсер парағы. ( Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады, не ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...)
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Кезекші сабаққа келмегендерді белгілейді.
Сабаққа қажетті құралдар мен материалдарды түгендейді.
Балаларға бүгінгі өтілетін сабақ жайлы түсіндіріп, балалардың сабаққа қандай дайындықпен келгені, үй тапсырмасын орындау кезінде қандай мәліметтер алғаны туралы қысқаша баяндайды.
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
1топ: - Домбыра
2топ:- Қобыз
3топ:- Сыбызғы
Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа;
топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді;
ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады;
жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;
Толық нұсқасын жүктеу
Аспаптық музыка
- ramuk_b
- 2 мам 2015
- 4335
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әр түрлі аспаптардың тембрін ажырата білуге үйрету, аспаптық музыка жайлы түсінік беру
Ұқсас жаңалықтар:
«Ән - көңілдің ажары» Музыка әлемінде саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру...«Отырар сазы» фольклорлы - этнографиялық оркестрі
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға...Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы. Тезере
Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасымен танысады; Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді...Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру арқылы аспаптық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың міндеттері:...Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде музыка пәні мұғалім Айнур Орынгазиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.