Сайтқа кіру Тіркелу

Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру

Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім. Музыка пәнінде оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
ІІ. Негізгі бөлім. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы менің іс - тәжірибемде.
ІІІ. Қорытынды бөлім. Күтілетін нәтиже

Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Жасөспірімнің бойында талғампаздық, эмоциялық сезім қалыптастыруында, мәдениетті болып өсуінде, музыка әлемін түсінуінде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер - өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен ақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Н. Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - десе, аса көрнекті педагог Ы. Алтынсарин: «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп орынды баға берген. Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, бала қиялын самғататын, арманын көкке өрлететін басты тұлға.
Ал қазіргі ақпараттың қарыштап дамыған әлемінде сол жас ұрпақтың білім алуға деген құштарлығын арттыруда оқыту технологияларының алар орны ерекше.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып отыр.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бірнеше әдіс - тәсілдерін күнделікті сабақта қолданып жүрмін. Атап айтсам, ассоциация, екі түрлі түсіндерме күнделік, концептуалды кестелер, Венн диаграммасы, кейіпкерге хат, семантикалық карта, кластерлеу секілді әдістер.
«Абай және оның әндері» атты сабағымда «Абай кім?» деген сауал төңірегінде ассоциация жасауда оқушыларым топтасып жұмыс жасай отырып, тез әрі толық жауап берді. «Абай әндері» тақырыбындағы кластерлеу жұмысында да оқушыларымның жұптасып толық жауап бергенін білдім. Бұдан соң уақытнамалық әдіс арқылы оқушылардан Абай әндері туралы мәліметтерді сұрадым. Бұл әдісте де оқушыларымнан ұтымды әрі жедел жауап ала алдым.
«Күй атасы – Құрманғазы» атты сабағымда үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Күй дегеніміз не?» деген сауал арқылы ассоциация әдісін қолдандым. Бұдан соң «ББҮ кестесі» әдісі арқылы оқушылардың өтілгелі тұрған жаңа тақырып аясында не білетіндерін, не білгілері келетіндерін анықтадым. Ән үйрену бағыты бойынша И. Нүсіпбаевтың «Домбырасыз сән қайда» деп аталатын өлеңін айтқыза отырып, өлең тақырыбына кластерлеу жұмысын тапсырдым. Нәтижесінде оқушылар өлеңмен қоса, оның мағынасы мен мазмұнын білді. Құрманғазының «Ақсақ құлан» күйін тыңдап, шығу тарихымен танысқан оқушылар концептуалды кесте бойынша жұмыс жасады. Бұл әдісім арқылы оқушыларға күйдің түрін, дыбысталуын, қасиетін, қолданылуын меңгерте алдым деп айта аламын.
«Дара тұлға – Нұрғиса Тілендиев» деп аталатын сабағымда «Нұрғиса кім?», «Нұрғисаның әндері» тақырыптарына ассоциация жасаттым. Сабақты бекіту мақсатында «Екі түрлі түсіндірме күнделік» әдісін қолдандым. Нәтижесінде оқушыларым жек дара жұмыс жасай отырып, өз пікірлерін білдірді. Сабақты бекіту мақсатында Нұрғиса шығармашылығына хронологиялық кесте толтырылды.
«Қазақ халқының аспаптары» атты сабағымда аспап атауларына байланысты топтарды топтастырып, ассоциация әдісін қолдандым. Сабақты бекіту мақсатында Венн диаграммасын қолдандым. Оқушылар халық музыкасымен кәсіби музыкасының айырмасын өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істей отырып толтырады. Мұндағы мақсатым оқушы өз қабілетін байқап, өз беттерінше ізденімпаздыққа, өз шығармашылықтарымен топ алдында сөйлей білуге үйрету.
«Нұрғиса Тілендиев өмірі мен шығармашылығы» атты сабағымда Нұрғиса атамыздың әндері мен күйлеріне ассоциация жасатып, уақытнамалық кесте, семантикалық картамен жұмыстар жүргіздім. Нәтижесінде оқушыларымның семантикалық карта толтыруда кейбір әндері мен күйлерін шатастырып алып жатты. Қателіктер дұрысталып, оқушыларым бұл тақырыпты меңгерді. Сабақты бекіту мақсатында кейіпкерге хат әдісін пайдаланып, оқушыларымның Нұрғиса атасына деген ыстық ықыластарын білдіргенін байқадым. Сабақ барысында қолданған әдістерім сәтті шықты.
«Қазақстандағы киномузыка өнері» сабағымда кино сөзіне ассоциация жасау, концептуалды кесте толтыру жұмыстары беріліп, сабақты «екі түрлі түсіндірме күнделік» әдісі арқылы бекіттім.
Қорыта келе, жалпы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану барысында менде қандай өзгешеліктер болды?
1. Сабақ жоспарымның құрылымы өзгерді.
2. Сыныптағы оқушыларым жұпта, топта, жеке дара жұмыс жасау бағыттарын үйренді.
3. Бірін – бірі бағалауды үйренді.
4. Оқушыларымның ізденушілік қабілеттері артты.
5. Сабаққа деген қызығушылықтары оянды.
6. Оқушыларымның логикалық ойлауы артты.
7. Сабақты жүйелі баяндауды үйренді.
8. Білім сапасы арта түсті.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде – таптырмас технология.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сауат ашу 1 сынып

Сауат ашу 1 сынып

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін әртүрлі психологиялық ахуал түрлерін қарастырдым. Топқа...
Абайдың сыршыл әндері

Абайдың сыршыл әндері

Оқытудың жаңа технологиясы - бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, өзгерте оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып,...
Аспаптық музыка

Аспаптық музыка

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №36 орта мектептің жоғары санатты музыка пәні мұғалімі Абдикаликова Кульбарам Абенқызы...
Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі

Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Тараз қаласы, Жамбыл облысы, №36 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Әбдіқалықова Гүлбарам Әбенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×