Тақырыбы: Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру.
Мақсаты:
• Клавиатурамен таныстыру;
• Ноталардың орналасуын көрсету;
• Ноталардың созылу белгілерін көрсету;
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттермен нота әдебиеттер.
Барысы:
І. Ойнау арқылы балаға түсіндіру.
Бала ойнау арқылы музыка сауатын үйренеді.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. - Камилла, барлық басқыштарды атауларымен айтып шық. Әрбір сегізінші басқышта қандай дыбыс қайталанады?
- До.
- Дұрыс.
- До мажор гамманы жоғары қарай ойна.
- до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Жоғарыдан төмен қарай ойна.
- До, си, ля, соль, фа, ми, ре.
- Өте жақсы!
- Екі қара басқыштың сол жағындағы басқыш қандай?
- До
- Үш қара басқыштың сол жағындағы басқыш қандай?
- фа
- Барлық клавиатуралардан көрсете қой.
- Жақсы!
2.- Камилла, бүгін сабақты жалғастыра отыра клавиатурамен танысамыз. Егерде ми нотаны ойнап кейін до ойнасақ. «Чи - жик» деп шақырғандайсың. Ән осылай басталады. Енді Камилла, өзің ойнай ғой ми - до. Осылай «Чи - жик» - ті бүкіл клавиатурадан ойнауға болады. Өзің ойнап және санап қарашы «Чи - жик» - ті неше рет шақырдың?
- Жеті рет
- Қарашы, «Чи - жик» - ті сол жақтан шақыруға болады. Бұл жақта төмен дауыс - бас деп айтамыз. «Чи - жик» - ті оң жақтан жіңішке дауыс шығарады. Ең жіңішке дауысты құстың дауысына теңеуге болады. Оң жақтағы «Чи - жик» дауысы жіңішке, ал сол жақтағы «Чи - жик» даусы жуан.
- Енді еске түсірейік, фа дыбысы қандай жерде тұр?
- Үш қара басқынтың сол жағында. Фа - дан кейін соль дыбысы болады. «Ва - соль» енді клавиатурадан неше рет «фа - соль» кездеседі?
-«фа - сол»- да 7рет. «Чи - жик» - те 7 рет.
- Сен білесің до - дан бастап жеті дыбыс ақ клавиатурамен келесі до - ға дейін ойнасаң, до - дыбысы жағы қайталанады. Сол себептен до мен келесі до дыбыстың аралығын октава деп айтамыз. Бүкіл жіңішке дыбыстар «скрипка»елінде, ал барлық жуан дыбыстар «бас» елінде. Әрбір елдің аумағы бес сызықпен жазылған, ноталарда осы бес сызықта тұрады және сызықтар арасында (сызықтар үстінде және сызықтар астында) тұрады. Осы ноталардың үйлері кілттеулі, оларды ашу үшін әр елдің кілттері бар. Олар: скипка - елі - скипка - кілті
Бас елі - бас - кілті.
- Қане Камилла, енді скрипка кілтін жазайық. Скрипка кілті екінші сызықтан бастап жазылады.
- Камилла, айта қойшы, кемпірқосақ неше түстен тұрады?
- жеті
- Дұрыс, ендеше ноталардың қайда тұратынын әр түстермен бояп жазайық.
До - қызыл
Ре - сарғыш
Ми – сары
Фа – жасыл
Соль – көкшіл
Ля – көк
Си – сиякөк
- Камилла, дыбыстарды жоғары және төменгі деп бөлеміз. Сол сияқты дыбыстарды ұзақ және қысқа деп атаймыз. Ең ұзақ дыбыс - бүтін, әрі қарай жарты, төрттік, сегіздік және он алтылық болады. Әр дыбыстың ұзақтылығын есте сақтау үшін, мынандай ойынды көзіміздің алдына елестетейік. Сен жанұяңмен әжең, мамаң, папаң, сен және итің баспалдақпен жоғары көтеріліп келесің. Әжең әр баспалдаққа төрт рет демалады (бүтін нота), ала мамаң әр баспалдаққа екі рет демалады (жарты нотамен), папаң әр баспалдаққа бір рет демалады (төрттік нота), ал сен әр баспалдаққа екі рет демаласың (сегіздікпен), ал сендермен итің төрт баспалдаққа бір рет демалады( он алтылық). Енді түсінікті ме, қай нота ұзақ, қай нота қысқа екенін?
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Клавиатурада қанша «Чи - жик» бар?
- Қанша фа - соль бар?
- Октава дегеніміз не?
- Ноталар қайда жазылады?
- Ноталар ұақтылығын қалай санаймыз?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
- Скрипка кілтінде І октавадағы ноталарды жаттау.
- Ноталардың ұзақтылығын жаттау.
Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру
- Венера1
- 17 қаңтар 2015
- 9315
- 0
- 20
Ілмек сөздер: музыка пәнінен сабақ жоспары, нотаны үйрету, музыка мектебіндегі сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
3/4 өлшемі (солфеджио сабағы)
Ля минор дыбыс қатары минор ладына жатады. Тоникасы ля дыбысы. Қарама – қарсы тональносі до мажор. Қозғау белгісі жоқ. Тұрақты дыбыстары: и ля, до,...Күй тартыстағы әзіл-ойын. Қыз әзілі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға күй тартыстағы әзіл - ойын туралы айтып беру, әзіл туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың ой - қабілетін,...Эстрадалық өнер
Сәлемдесу. Оқушылар: Сәлем сізге, сәлем сізге, мұғалім. Мұғалім: Амансың ба, оқушыларым, Қал - жағдайың жақсы ма?...Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Балалар саз мектебінің фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.