Сайтқа кіру Тіркелу

Мен білетін "ми" нотасы және күйші Ықылас Дүкенұлы

Мен білетін "ми" нотасы және күйші Ықылас Дүкенұлы(слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Халық фольклорының адам өміріндегі маңызын терең түсінетін музыкалық сауатты эстетикалық рухани жағынан тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: Халқымыздың музыкалық шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Музыканың өмірімен байланыстылығын түсіндіре отырып, халқымыздың дәстүрлі музыкалық өнерінің бүгінгі күнге дейін сабақтастығына балалардың назарын аудару.
Дамытушылық: Балалардың көркемдік ойлау қиялымен ырғақтық, музыкалық ойын дамыту.
Сабақтың түрі: Танымдық әңгіме және жаңа ән үйрену.
Сабақтың көрнекіліктері: Плакат, слайд көрсетілімі, үнтаспалар.
Пайдаланған әдиебеттер: 3 сынып музыка оқулығы. Н. Кетегенова «Қазақ музыка әдебиеті»

Сабақ барысы: Әуенмен амандасу. «Сә - ле - мет - сіз - бе?»
Дауыс жаттығуларын жасау (Аспаптың сүйемелдеуімен)
Өткен «Бақытты балалық» әнін қайталау. Үй тапсырмасын сұрау. (Әннің шумағын айтқызуға екі оқушыны шығарып, қайырмасын барлық оқушыға бірге айтқызу)
Енді жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ықылас Дүкенұлы» және « Мен білетін ми»
Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан күйші. Оның туып - өскен жері Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы өз әкесі Дүкен де оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған. Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып жандандырған Ықыластың күй - өнері Ашай, Әйкен, Сүгір сынды шәкірттері арқылы жалғасын тапты. Күйлері «Аққу», «Айрауық», «Жезкиік», «Бозторғай», «Ерден», «Саржан төре», «Қасқыр», «Асанқайғы», «Шақыру»

Жезкиік туралы ой қозғау: «Жезкиік» күйі жайында былай делінген: «Өзіңнің бір сапарында Ықылас бостандықтың бейнесі, кең даланың мақтанышы мен сұлуы жезкиік туралы әңгіме естиді. Аңшылардың ұғымында жезкиік нәрестесін аман - сау өсіру қамын ойлаған анаға ұқсайды.
Киік тау - құздардың төбесінде еркін секіріп, шексіз кең даланың төсіне ойнақтайды. Киіктің жез түсі күнге шағылысып, аңшыға дұрыс көздетпейді, сондықтан сол далада ұзақ өмір сүреді, халық аузында аңызға айналады.»
«Жезкиік»- жазық, кең далаға деген сүйіспеншілік күйі. Еркін киіктің екпінді, шапшаң жүрісі, домбыраның ерекшелігіне мүлде ұқсамайтын. Ықыластың әдістері әсерлі. Балалар мұғалімнің түсіндіруімен күйді тыңдайды.
Алматы қаласында Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар мұражайы бар. Онда ұлттық аспаптардың 30 - дан астам түрі қойылған.
Мұражайға халық композиторы Ықылас Дүкенұлының есімі берілген. Бұл мұражайды «Бабалар үнінің мұражайы» деп атайды. (Мұражай жайлы слайд көрсетілім)

Сергіту сәті: «Ел қорғауға әзірміз»
«Саяхатта» әні: К. Қуатбаев
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев

1. Көрікті кең өлке,
Қойны мол береке.
Жаз күні мына біз,
Саяхат құрамыз, құрамыз.
Қайырмасы:
Ұлы Отан анамыз
Бақытты баламыз
Бақытты боламыз

2. Жайқалып жасыл бел
Шайқалып жатыр көл
Табысы селдеткен
Қырманның басын көр
Қайырмасы:
Бәріміз бірге айтып көрейік.

Музыкалық сауат: Бүгінгі өтетін нотамыз «ми». Жазылуы: бірінші сызықтың бойында.

Балалардың нота дәптеріне салғызу.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: «Саяхатта» әнін жаттау
Бағалау

М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
ән - саз пәні мұғалімі Аманбаева Г.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Отырар сазы» фольклорлы - этнографиялық оркестрі

«Отырар сазы» фольклорлы - этнографиялық оркестрі

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға...
Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Қобызға арналған күйлерді ХХ ғасырда дамытушы күйші Дәулет Мықтыбаев өмірімен, шығармашылығымен танысу Ықыластың «Шыңырау» күйінің шығу тарихымен...
Махамбет

Махамбет "Жұмыр қылыш"

Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін...
Қазақтың ұлттық саз аспаптары

Қазақтың ұлттық саз аспаптары

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебі, музыка пәні мұғалімі Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна...
Қорқыт ата

Қорқыт ата

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Бижанова Мира Сисенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×