Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық аспаптар ән өнері

Мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық аспаптар жайлы мағлұмат бере отырып, аспаптық музыкаға және ән өнерге деген қызығушылығын ояту;
а) білімділік: әр аспап жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін, есте сақтау, ырғақты сезу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: музыкалық аспаптардың суреттері, аспаптар, слайд, жолақшалар, «баспалдақтар».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:
Музыка әуенімен балалар кіріп амандасады.
Шаттық шеңбері «Домбыра»
Домбыраны қолға алып,
Күйшілерше шертейік.
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік. (балалар тақпақты айта отырып, «Айналма», «Домбыра», үлкен және кіші шеңбермен жүріп, қимылмен көрсетеді).
Музыка жетекшісі: Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Балалар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптар туралы әңгімелесеміз. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен.
- Балалар, қандай аспаптарды білеміз?
Мөлдір: - Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспап. Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен жеткізе білген. Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.
М. Ж: Дұрыс айтасың Мөлдір. Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек. Тағы кім аспаптар туралы айтқысы келеді?
Арайлым: Қобыз – халқымыздың ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. Ол екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Қобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді.
Тахмина: Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.
Алижан: Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады.
Алина: Шаңқобыз – қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады.
Айша: Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.
Аружан: Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады.
М. Ж: Аружан ал осы тұяқтасты қалай жасауға болады? Айтып берші бізге. Аружан: Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді.
М. Ж: - Осы аспаптар туралы тағы не білесіңдер?
Шұғыла: Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)
Нұрай: Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ - бунақ.
Айылын екі жерден мықтап тартып,
Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап. (домбыра)
Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)
Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Балалар қандай аспап екенін жолақшаларға ретімен қою керек.
1. қобыз
2. домбыра
3. асатаяқ
- Қазақ халқы ән мен жырды, ойын - сауықты өте жақсы көреді. Сондықтан олар той думандарда домбырамен өз ойларын ән - жырлар арқылы жарысып жеткізіп отырған. Ал енді бәріміз домбырамен ойын ойнайық.
Ойын «Домбырашы»
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғы, ренішінде домбырамен халқына жеткізе білген.
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра
Дегендей, қане балалар, бізде бір әнге қосып ән айтайық. Бірақ алдымен дауысымызды шынықтырып алайық.
Дауыс шынықтыруға арналған жаттығу «Баспалдақ»
«Канеки аспаптар»
- Осы өлең, сөз туралы қандай мақал - мәтелдер, тақпақтарды білесіңдер?
Алихан: Өлең - алтын, сөз - күміс,
Өлең сөздің патшасы.
Ғалым: Ән көңілдің ажары.
Өлең өмірді ұзартады.
Нұрсұлтан: Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың
Үніменен ұраны.
Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат - ақ
Ол аспаптың бір түрі
Айзада: Жорғалатқан жетіген,
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз,
Шалып ойнар шаңқобыз.
Тоқылдайды тоқылдақ,
Асатаяқ, тайтұяқ.
Әуез кернеп, ысқынып,
Шығар керней, ысқырық.

Қорытынды: Балалар жарайсыңдар, бүгін қазақтың ұлттық аспаптар жайында көп білдік. Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×