Сабақтың тақырыбы: Биге тіл бітірген үнділер. Үндінің сұлу сазды рагасы.
Сабақтың мақсаты: Әлем халықтарының театрларымен таныстыру. Оның ішінде үнді дәстүрлі музыкасыны тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларды әлемдік мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейту.
Типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Түгелдеу. Сабаққа назарын аудару
Балалар сыныпқа үнді музыкасымен кіреді.
- Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы? Ия, сендер оны жақсы білесіңдер, бұл үнді музыкасы. Біз әлем халықтарының мәдениеті туралы тақырыбымыздың «үнділер» бөліміндеміз. Әуелі өткен тақырыптарымызға бір шолу жасап алайық.
2. Үй тапсырмасын қайталау. 2 слайд
- Тақтадағы суреттерге назар аударыңдар да ол суреттер қай халыққа тән екендігін табыңдар және сол партаға барып отырыңдар.
Тақтадағы суреттерді танып ал!
(қолдарындағы карточкалар бойынша 3 топқа бөлініп отырады. Олар - Кабуки, қытай, Катхакали)
3. 3слайд бойынша үй тапсырмасына қайталап шығу.
- Халқы
- Театры,
- Мәдениеті
4. 4 слайд
- «Маған таныс». Өзіңе таныс актерлерді атап шық.
- Ал, енді біз Үнді актерларымен қаншалықты таныспыз. Мына суреттерден кімдерді жақсы танимыз, және олар туралы не білеміз?
Авики Гор Шак Рукх Хан Айшвария Рай Аамир Кхан Хем Малини
5 Слайд. РАГА сөзіне сөзжұмбақ.
1. Үнді актерінің Айшвария - РАЙ
2. «Келін» фильмінің басты кейіпкері – Ананди
3. «Зита мен......» флильмі – Гита
4. Анандидің өз есімі – Авика. Осы есімдердің басты әріптерін қосып жасырынған сөзді тап.
5. Жасырынған сөздердің бас әріптерін сөзжұмбақтың басқы әрпі етіп шешіп көр. Жауабы – РАГА
6. 6 Слайд. Жаңа сабақ: Үндінің сұлу сазды рагасы
Үндінің Рага - үнді классикалық музыкасы. Тарихи тақырыпқа құрылған. Жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыка. Рага бірнеше мунуттарға созыла беруі мүмкін.
Үнді биі – екі мың жылдан астам тарихы бар өте көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші Шива құдай болды деп саналады. Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан құралған биімен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді.
Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді классикалық биінің 8 стилі бар. Олар: Тамилнаду штатында – Бхаратанатьям, Уттар - Прадеш, Раджастан штаттарында – Катхак, Керала штатында – Катхакали (ерлер биі) және Мохини - аттам (әйелдер биі), Андхра - Прадеш штатында – Кучипуди, Манипур штатында – Манипури, Орисса штатында – Одисси, Ассам штатында – сатрия билері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар.
– Үнді классикалық биінің ең негізгі ерекшелігі – әдебиетпен байланыстылығында. Билердің барлығы белгілі бір шығармаға, эпостардың ішіндегі мифтерге қойылады. Қимыл - қозғалыстар арқылы оқиғаның мазмұны жеткізіледі. Сосын үнді би қимылдарының өзі бір ғылым сияқты. Оларда әр қимылдың белгілі бір мән - мағынасы бар, яғни, әр қозғалыс сөйлеп тұрады.
Халық билері. Олардың мазмұндары бірдей болып келеді, әлеуметтік өмірді суреттейді, классикалық билер секілді арнайы оқиғаға құрылмайды. Тайпа билері де дәл солай.
XVII ғасырға дейінгі, яғни ежелгі және орта ғасырлар кезең. Ол кездері биді ғибадатханаларда билейтін болған. Сол үшін қыздарды арнайы ғибадатханаларда тәрбиелеген, оларды девадаси деп атаған. Олар жақсы билеп қана қоймай, ән айтып, музыкалық аспапта ойнаған, жақсы киініп, актерлік шеберлікке те үйренген, әдемі сөйлеп, түрлі ұлттық салт - дәстүрлерді жетік меңгеріп шыққан. Әрбір ата - ана өзінің бір қызын бишілікті оқыту үшін ғибадатханаға беріп отырған. Өйткені олардың қоғамдағы дәрежесі өте биік болатын, оларды қатты сыйлайтын.
Музыка тыңдау: Үнді рагасы - (салайдтарда)
Музыка талдау:
1 топқа – естіген музыкадан алған әсерің қандай
2 топқа - музыканың көркемдігі (темпі т. б) туралы айт
3 топқа - музыка қандай көңіл - күй қалыптастырады?
Сергіту: балалардың дайындаға үнді биін тамашалау.
- Рахмет, қыздар, өте тамаша биледіңдер!
- Енді үнді театрындағы ерлердің биге қалай дайындалатынына назар аударайық.
7 слайд. Катхакали театрына тек ерлерді ғана алған. Олардың киімі мен бет бояулары да ерекше болған. Тек қимыл ғана емес, беттің мимикасын өзгертіп отыру да маңызға ие. Ал, қыздары ұлттық Бхаратанатьям биін былай билейді:
Видеодан Бхартанатьям биін тамашалау.
Ән үйрену:
- Балалар, біз мұндай мәліметтің барлығын қайдан үйренеміз (мектептен)?
- Ендеше «Мектебім» үйренейік. (тақтада және балалардың қолдарында сөзі бар).
Әнді жеке, топпен орындау.
7. Түсінгенін тексеру:
- Сендер үнділер туралы қандай мәліметтер алдыңдар, қандай жаңа терминмен таныстық?
- Ендеше әр топ бір – біріне сабақ бойынша сұрақтар дайындасын.
8. Қорытынды.
Өзін - өзі бағалау парақшалары бойынша жоғарғы ұпайды 5 деп есептеу.
Әнді қайталап орындау
Үйге:
Әнді жатқа айту.
Корей халқы туралы біліп келу.
Үндінің сұлу сазды рагасы
- ukmetkizi79
- 28 наурыз 2014
- 19266
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, ұлттар достығы, үнділер
Ұқсас жаңалықтар:
Би өнердің ғажап түрі
Мақсаты: Кішкентай бүлдіршіндерді би өнеріне баулу, икемділіктерін байқау, қызығушылықтарын арттыру. Би өнері туралы мағлұмат беру....Корей музыкасы
Білімділік: оқушыларға барлық өнердің қайнар көзі халықта екенін түсіндіру. Корей халық музыкасы, өнері жайлы ұғым беру, өнерді сүюге, қадірлеуге...Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Дауыссыз дыбыстар түрлері
БҚО, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.