Сайтқа кіру Тіркелу

Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»
Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:
1. «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан – Қазақстан!»
2. «Жасай бер, жаса,
Тәуелсіз ел – Қазақстан!»
3. «Тәуелсіздікке 25 жыл!»
4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуына армандайды. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Сәлеметсіздер ме!
Жылулық Шеңбері:
Көркейген, гүлденген туған ел
Тәуелсіз күн туды, кенеле бер
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе бер!

- Балалар өлең не жайында айтылыпты?
- Тәуелсіз еліміз жайлы
- Ал сендер елімізге, жерімізге, қандай тілек тілер едіңдер?
- Еліміз тыныш болсын! Соғыс болмасын!
Қ. Р Әнұраны орындалсын.
- Енді балалар орындарына жайғасыңдар.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Балалар, 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Қазақстан Республикасы 1991жылы16 желтоқсанда тәуелсіз егеменді ел атанды. Біздің еліміз жылдан - жылға, күннен - күнге өркендеп, өніп гүлденіп келеді. Міне биыл тәуелсіздікке - 25 жыл.

1Рамазан: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз
Үлкен - кіші, жасымыз да кәріміз
Мерекесін Отанымның бүгін біз
Есік ашып, шашу шашып
Қарсы алайық бәріміз!

2. Балнұр: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күннен - күнге
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

3. Жаннұр: Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары.
Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме?

Айбұлан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Қаламқас: Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Жанар: Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз – халқың.
Отан - өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Амина: Отан - сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Мерей: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» - деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!

Данияр: Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша.

Мұғалім: Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1. Рамазан - Туған жердей жер болмас. Туған елдей ел болмас.
2. Айдана - Отан отбасынан басталады.
3. Жанар - Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
4. Мерей - Отан - оттан да ыстық.
- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал, қазір бәріміз Тәуелсіз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, «Атамекен» әнін орындайық.
Хор: «Атамекен»

- Балалар, Еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
Ортаға балалар шығып тақтадан көрсетеді.
Айдана: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі
Танығандай көңілді
Ортада аспан әлемі.
Балнұр: Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанаты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Рамазан: Қазақстан елімнің
Жеке дербес туы бар
Елдің ашық көңілі
Сол туынан көрінер.
- Еліміздің астанасы қай қала? - Астана
- Астанадағы қандай көркем ғимараттары бар?/ханшатыр, бәйтерек, т. б/
- Ал ендеше топтық жұмыс жасайық, Астана қаласын құрастырайық./плакатпен жұмыс/
«Кім тапқыр?» ойыны:
1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2. Қандай мерекені атап өтіп жатырмыз?
3. Біздің елбасымыз кім?
4. Қазақстан республикасының рәміздерін ата.

Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің егеменді ресми белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Би: «Қара жорға».
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан - менің Отаным

Қазақстан - менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

Мақсаты: Оқушыларға туған қалалары жайлы мағлұмат беру, туған қаласындағы көрнекі орындар мен ескерткіштермен таныстыру. Оқушылардың туған қаласына...
Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу № 2 орта мектеп Мырзабекова Ұлмекен Тайыровна...
Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×