Сайтқа кіру Тіркелу

Төлдер айтысы

Көркем әдебиет 0«в» сынып
Сабақтың тақырыбы: Төлдер айтысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: Жайлауда жүрген мал суреті. жұмбақтар.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:( Оқушылардың ойын жинақтап, назарларын сабаққа аудару)
Қызығушылықты ояту. Еске түсір.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрғызып, аналары қандай төлдердің атауларымен еркелететіні туралы айтқызу.
(Ботақаным, құлыншағым, лағым, ботакөзім)
- Балалар біз ертегілерді жақсы білеміз. Ертегілер қалай басталушы еді?
- Ерте ерте ертеде...
- Ерте заманда
- Баяғы заманда

(Тақтада малдардың суреттерінен аттарын атау)
Қой, сиыр, түйе, құлын, бұзау.

- Балалар қазақ халқы шаруашылыққа қандай малдарды пайдаланған?
- Өгіз, түйе, ат.
- Оқушылар біз жайлауға саяхат жасаймыз. Осы малдардың қайсысын көлік етіп аламыз?
- Атты.
- Олай болса, қане кім жылқының дауысын салып береді?
- Қалай шақырамыз?
- Құрау - құрау, мох - мох
- Хормен шақырып көрелік.
Жаңа сабақ.
- Балалар тақтада суретте не берілген?
- Жайлау, малдар, төлдер, киіз үй, тау.
- Суретке қарап тақырып қойып алайық.
-
Енді осы суреттен малдар төлдерін атап жіберейік.
- Қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы төлдер жөнінде болмақ.

Сөздік жұмыс
Секектеме – секірме
Деміңді ал – тынық
Құстай қанат қағады – жүгіреді

Ойын ойнайық!«Төлдерін тап?»
Мақсаты: Балаларға әр малдың өз төлдерін дұрыс таба білуге тәрбиелеу.
Оқушы: Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пұшайт, пұшайт!

Оқушы: Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өткен жануар,
Шөкетайым қайдасың
Шөре, шөре!
Сергіт усәті.

Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Секең-секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп ақ
Тыным тапсаң болмай ма
Секірмей ақ кей уақ

Оқушы: Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!

Оқушы: Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Зеңгібаба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, аухау!

Оқушы: Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс, көс!

Малды қалай шақырады? (Оқушылардан жеке-жеке сұрау)
Қошақанды пұшайт-пұшайт
Лақты шөре-шөре
Құлыншақты құрау-құрау
Бұзауды аухау-аухау
Ботақанды көс-көс

Енді осы төл атауларына дыбыстық талдау жасап жіберейік.
Лақ – 3д, 3ә, 1б. Бота – 4д, 4ә, 2б. Бұзау – 5д, 5ә, 2б.
Жаңа сабақ тақырыбы:
Ертегі: «Төлдердің айтысы»

- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?
Лақ:
- Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады
Құлын:
- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Бұзау:
- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.
Қошақан:
- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бота:
- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.
Адам:
- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.
2. Жоғалған сөзді тап.
Сүт, құлын, момын, ертегіні (Оқушыға тақтаға жазғызу)

Мұғалім:
Балалар біз өткен сабағымызда айтқандай әр түліктің бақташы, пірі, иесі болады дедік, атап жіберейікші

Қой атасы – Шопаната
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі атасы – Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр атасы – Зеңгібаба Ата деп отырғанымыз сол малды бағып күткен адам. Сол аталарымыз сендерге мынадай сөзжұмбақ береді.

Х. Сөзжұмбақ шешейік.
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар(қозы)

2. Сиыр малының төлі.( бұзау)
3. Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім біледі (лақты)
4. Қамбар атаның алдына салып бағатын жануары? (Құлын)
5. Сыңар өркешті шөлге төзімді мал.(түйе)
«Қошқар мен теке» сахналық көрініс.
Қорытындылау: Балаларды мадақтау

Балаларға төрт түлік малдың адамға тигізер пайдасы жайлы түсіндіру, оларға деген қамқорлық сезімдерін оята білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Ергебек Жазира.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×