Сайтқа кіру Тіркелу

Білім еліне саяхат

Павлодар қаласы, "№9 сәбилер бақшасы" МҚКК
әдіскер Әлия Заркешқызы Худжанова

Сауат ашу қорытынды сабағының конспекттісі.
Тақырыбы: «Білім еліне саяхат».
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің сапасына көз жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас оқуға жаттықтыру. Сауат ашуда сөздік қорды байыту, түрлі суретте және сөздік ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, текшелер, ребус схемасы, атрибуттар, панно.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? (42)
- Кім шығарды ең бірінші әліппені? (Ы. Алтынсарин)
- Ол кісі туралы не білесіңдер? (жазушы, ұстаз, оқытушы).
3. Д/ойын: «Дауысты, дауыссыз»

Негізгі бөлім:
Пошташы келеді, хат әкеледі. Шақыру хаты «Әріптер әлеміне» (жерде «тамшылар» қағаздан жасалған жатады, сол іздермен «әріптер әлеміне» барады). Кіргелерін келсе, кілттің сырын табындар. Кілт қандай әріпке ұқсайды? Таптық О, Ш, Е. Ендеше кірейік.
Панно тақтада әр түрлі әріптер жазылған.
Шырша тұр: «машина», «маймыл», «сағат» суреттер ілулі тұр.
- Бұлар не? Өсе ме? Жоқ. Бұл сиқырлы ағаш.
Бүынға бөлу, екпін түсіру. Дыбыстық талдау жасау.

Д/ойын «Өзгеше буынды тап».
Біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасады.
Жүре – жүре «Сауаттылық» еліне келіп жеттік.
Сұрақ белгісі, нүкте, леп белгілері?! тұрады ілулі: тапсырмалармен конверт жатады
1. «Ата, көктем, оқушы» деген сөздермен үш түрлі сөйлем құрандар.
2. Ребустар шешу: АҒАШ, БІРЛІК, БОРСЫҚ, АЙДОС, ТАУЫК
3. Суреттер арқылы «мектеп», «жаз», «бала» сөздерді жазғызу.
Сөйлемдердің схемаларын жасау тақтаға және әр баланың алдында бір парақ қағаздан жатыр.
- Балалар, біз бағанадан бері жол жүріп шаршаған болармыз. Біраз бой жазып алайық.

Сергіту сәті.
4. Саяхатты ары қарай жалғастырайық. Жолда сандық кез болады. Оның ішінде ойыншық «қозы». Жұмбақ жасырамын: «Кішкене ғана қошақан, өзі сондай момақан» (қозы).
- Қозы ненің төлі?
- Осы кішкене қозы туралы кім әңгімелеп айтып береді? (балалар әңгіме айтады)
Жаңбырдың тырсылдаған дауысы естіледі.
- Бұл не дыбыс? Жауынды бізге не әкеледі? Ғажайып бұлттардағы буындарды оқиық.

Д/ойын: «Сөзді өзгертіп оқы».
- Өте жақсы балалар.
- Қараңдар, балалар, қандай ғажайып ағаш.
- Қалталарда қағаз қыстырылып тұр, оқиықшы «Антоним сөздерді тап» депті.
- Діңінде қандай сөз жазылған екен?
- Жапырақтарында ше? Оқып, табамыз: жылы – суық, дымқыл – құрғақ, ақ – қара, күн – түн.
- Өте жақсы балалар. Біздің қайтар уақытымыз таяп қалған сияқты.
- Ал енді қайтайық. Қайтар жолда «5» деген атрибут таққан «бестік» кезігеді.
- Өте тамаша, балалар. өздерін бәрін біледі екенсіңдер. Білім әлемі риза сендерге, соңдықтан да «5» деген баға қойды деп, медальондар береді әр балаға.
- Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
- Қандай елдерге саяхат жасадық?
Педагог сабақты қорытындылап, үздік шыққан балаларды мадақтайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×