Білім беру саласы: Денсаулық.
Тақырыбы: Тазалықшының кеңестері
Бөлім: Валеология.
Мақсаты: Балаларға дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру беру. Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен – кішіге адамгершілік қарым – қатынаста болуға тәрбиелеу. Тіс аурулары туралы мәлімет беру.
Тісті күту ережелерін үйрету
Көрнекі құралдар: Тіс суреті, көз суреті, жүрек суреті.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жинап бір - бірімен амандасу.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам
Әңгімелесу.
Адамдар неліктен өзі қоршаған әлемді қорғауы тиіс
Шынықтыру дегеніміз не?
Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
Тазалық туралы түсінік беру?
Жұмбақ шешу.
Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайналмай. (тіс)
Айдын көлде алтын тас
Ау салса да алынбас (тіс)
Тіс күтімі туралы әңгімелеу. Амандасу
Сұрақ – жауап алу
Жұмбақ шешу.
Тіс күтімі туралы әңгімелеу.
Ұйымдастырушылық ізденушілік кезең
Әңгімелесу.
Тазалық туралы түсінік беру.
Тіс туралы түсінік беру. Тіс біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Адамның тісі түзу әрі аппақ болса, онда
Ол күлген кезде әдемі болып көрінеді. Балалар бір - біріне қарап күлу.
Тісжегі – тістегі ең жиі кездесетін ауру. Оны ауыртпай емдеуге болады. Егер емдемесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады. Ол кезде шыдатпай ауырады.
Тіс біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі
Тістің қабығын эмаль жауып тұрады. Сондықтан тамақтан соң тісті тазалап жуып отыру керек
Сәби тіссіз туылады, тіс алты ай болғанда шығады. Оны сүт тіс деп атайды. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Оның орнына жаңа түс шығады. 12 жаста тіс жаңарады. 20 жасқа толғанда
32 тіс өсіп шығады.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Ойын «Ыммен айт»
Тазалық ережесі
• Тісті күніне екі рет тазалау
• Тамақтан кейін ауызды шаю
• Ыстық тамақтан соң суық ішпеу
• Тәттіні көп жемеу
• Жиі тіс дәрігеріне көріну
• Әркімнің жеке тіс пастасы болу керек
Жұмбақ шешу
Бір таудың екі жағынан
Екі қалқан жабысқан
Жақын барсаң маңына
Сезе қояр дыбыстан (екі құлақ)
Құлақ - есту мүшесі. Құлақ арқылы адамдардың, құстардың иттің мысықтың дыбысын естуге болады. Есту мүшесі адамдарда жануарларда бар. Жануарлар есту мүшесі арқылы бір – бірін табады.
Аязды күні жылы бас киім кию керек
Құлақты қаламмен шырпымен үшкір қатты затпен шұқуға болмайды.
Көз көру мүшесі көзбен айналадағы заттарды көреміз. Көздің көру қабілетін арттыру үшін А дәруменнің пайдасы зор ол үшін сәбіз жеу керек.
Егер адам алыстағы затты дұрыс көрмесе, онда ол жуықты көргіш, егер жақын орналасқан затты дұрыс
көрмесе онда алысты көргіш. Көз дәрігері көздің қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтап, қажетіне қарай көзілдірік киюге кеңес береді.
Көзілдірікке ерекше күтім керек.
- әйнегін таза ұста
- әйнегі сынған көзілдірікті қолдан ба
Кейбір адамдардың көзі мүлде көрмейді. Адам ауыр соққыдан, аурудан немесе туа соқыр болуы мүмкін. Балалар көзі көрмейтін, яғни соқыр(зағип)
Адамдарды сыйлауға және оларға құрметпен қарауға кеңес беру.
Ойын: «Ыммен айт» Мұқият тыңдап түсіну.
Тазалық туралы сұрау.
Балалар біз күніге қанша рет тіс тазалаймыз.
Бір бірімізге қарап күлу.
Дәптермен жұмыс.
Қимылмен орындау
Ойын
Кеңестер тыңдау
Жұмбақ шешу.
Кеңесті тыңдау.
Ойын: «Ыммен айт»
Рефлексивті – түзетуші кезең Қорытындылау.
Құлақ, көз, мұрын – адамның айнала қоршаған ортаны танып білуіне көмектеседі
Құлақ есту мүшесі.
Көз - көру мүшесі.
Жүректі сақтау керек
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Денсаулық зор байлық.
Нені білу керек: Денсаулық тазалық кепілі, денің сау болсын десең спортпен шұғылдан.
Нені игерді: Өз денсаулығын күтуге үйрету. Сурет арқылы әңгіме құрастыру. Сөздік қорын дамыту.
Тазалықшының кеңестері
- Алтын Ысқаққызы
- 8 наурыз 2015
- 6187
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіс аурулары туралы мәлімет беру, тісті дұрыс күту, тазалау, денсаулық
Ұқсас жаңалықтар:
Айболит және оның достары
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Адамның сезім мүшелері
Павлодар қаласы, №35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Жумабаева Жаркынай Жасталаповна...Сезім мүшелері. Көз. Тері
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті, "Бақыршық орта мектебі" КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Сандугаш Сабиевна...Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Павлодар обылысы, Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы Каргабаева Шолпан Сембайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.