Ұйымдастырылған оқу қызметінің саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Дәрумендер.
«В» дыбысы және әрпі.
Мақсаты:
1. Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. «В» дыбысы және әрпімен таныстыру.
2. Сөйлеу тілі мен дыбыстарды ажырату қабілеттерін дамыту.
3. Дәрумендерді қолдану арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: АКТ, кеспе әріптер, суреттер, әліппе - дәптерлер, әліпби жинағы, В әрпі, ойыншықтар, буын сөздер.
Күтілетін нәтиже: суреттегі заттардың атын атай алады, сөздегі в дыбысының орнын ажыратады.
Блингвальді компоненті:
Дәрумен – витамин – vitamin
Жеміс – фрукты – fruit
Көгөніс – овощ – vegetable
ҰОҚ Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
І. Дұрыс әсерлі көңіл - күй орнату.
ІІ. Мақсатты болжам. Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Тәрбиелі баламыз,
Шынығып бір аламыз.
- Слайдтан пойыздың суретін көрсету.
Бүгін біз пойызбен саяхатқа шығамыз.
Бір - біріңнің артыңнан ұстап, пойыздың дауысына келтіріп тізбектеліп жүріңдер.
- Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Жұмбақ:
- Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
- Бақшада өседі,
Көп өнім береді. (Көгөніс)
- Блингвальді компонент:
Дәрумен – витамин – vitamin
Жеміс – фрукты – fruit
Көгөніс – овощ – vegetable
- Бәрі ортаға шығып жылулық шеңберін орындайды.
- Балалар тізбектеліп, алдыңғы бала «Вук - вук - пыс - с!» - деп дыбыстайды.
- Орындарына отырады.
- Шешуін табады.
- Қайталап айтады.
Дид/қ ойын:
«Бақшада ма, бауда ма?»
Шарты: тақтаға жемістер мен көгөністердің суреттері ілінеді. Балалар көгөністерді бақшаға, жемістерді бауға орналастырады.
- Суретпен жұмыс.
Суреттегі дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелесу.
В әрпімен танысайық.
Педагог өлең жолын мәнерлеп оқып береді.
Таяқшаға таянып,
З тірелді В болып.
Өлеңді суретті көрсете отырып айтады.
Педагог тақтаға В әрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар өлеңнің мазмұны бойынша В әрпімен танысады.
В – ұяң дауыссыз дыбыс, себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығатынын айтып түсіндіремін.
В әрпінің баспа түрін ауада жазады.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
- Суретке қарап сөйлем құрастырады, сөздерді буынға бөледі.
- Тақтамен жұмыс.
Автобус, вирус, вагон, витамин суреттері тақтаға ілінеді.
- Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.
- Тіл ұстарту жаттығуы.
Ша - ша - ша – есік алды бақша.
Із - із - із – бақшадағы сәбіз.
Ет - ет - ет – алма толы себет.
- Әліппе - дәптердегі үлгіге қарап отырып, В әрпін жазғызу.
- Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Топпен жұмыс
Түстер арқылы (қызыл, сары, көк) үш топқа бөлемін.
Iтоп – Вагон
ІІ топ – Вирус
ІІІ топ – Витамин
Топтық тапсырмалар беремін.
І топқа – кеспе әріптерден сөз құрайды.
ІІ топқа – дыбыстық талдай жасатамын.
ІІІ топқа – сөздерді оқып, буынға бөледі.
Дидактикалық ойын: «Мен режиссер боламын»
Шарты: көгөністер мен жемістер туралы балалар өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналайды.
- Үлгерімі нашар балаларға жеке жұмыстар беремін.
Мысалы:
Суретке қарап әңгіме құрату.
- Суреттегі заттың атын атайды. В дыбысын тауып айтады.
- Интонациямен жұмыс.
Жаңылтпашты қайтала.
Асан басқа жақтан
Ақ сабақ асқабақ әкелді.
Басқа жақтан
Басқа асқабақ әкелді.
ҰОҚ - ның қорытындысы. - Қорытындылау.
Доп лақтыру арқылы «Сұрақ - жауап» әдісімен қорытамын.
- Дәрумендерге нелер жатады?
- Дәрумендер адам ағзасына пайдалы ма?
- Бүгін қандай әріппен таныс болдық?
- В қандай дыбыс?
- В әріпі қай әріпке ұқсас?
- В әрпі кездесетін көліктерді атап беріңдерші.
Рефлексия.
- Бағдаршам әдісі арқылы.
- Бағалау, мадақтау.
Жұлдызшалар тарату арқылы мадақтаймын.
- Балалар сұрақтарға жауап береді.
- Стикерлер жапсыру арқылы сабақты бағалайды.
В дыбысы және әрпі
- Guli_Ary
- 27 сәуір 2019
- 2907
- 0
- 0
Ілмек сөздер: В дыбысы және әрпі, Ұйымдастырылған оқу қызметінің саласы
Ұқсас жаңалықтар:
"Л л дыбысы мен әрпі"
Мақсаты: Білімділік: Л дыбысы және әрпімен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыруға үйрету....Н н дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары: 1. Н дыбысын дұрыс дыбыстау. Н әрпімен таныту. 2. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың Н н...Ю дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...К дыбысы және әрпі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі Молдахан Мира Жақсылыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.