Сайтқа кіру Тіркелу

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті
№249 мекиеп - лицейдің математика пәнінің мұғалімі
Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Бүгінгі таңда,балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда.Ол Франция,Америка,Германия,
Англия,Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде.Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып,мектеп тәжірибесіне енгізілуде.Мәселен,академик В.И.Монаховтың технологиясы,В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі,М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына,өздігінен іздену сезімін ояту,дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн- жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны.Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады,оның әрі қарай дамып,жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген.Демек,оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз.Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
-оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
-оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда.Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру,басқару және бақылау деп түсіну керек.Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын екшеп,пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек,ұтарымыз көп.Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық.Нәтижеге бағытталған білім бугінгі заман талабы,қажеттіліктің қайнар көзі болса,нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
-заман талабына сай білімді,білікті,дүниетанымы кең,шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады,яғни,өтілетін сабақың жоспарын құру,оны өткізу әдстемесі,оқушылардың қабілеттерін,жас ерекшеліктерін ескере отырып,иллюстрация,техникалық құралдарды,дидактикалық материалдарды пайдалану.Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады.Ал,шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады.Оқушыны шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа,икемділікке,тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Сондықтан,мен Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.Сабақта,жалпы мектепте оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай жасалу қажет,сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады,ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады.
Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына,танымдық белсенділігін арттыруға,шығармашылығын қалыптастыруға,кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі.Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып,оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс.М.Жұмабаевтың “Педагогика” деген еңбегінде “Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес,баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін” делінген.Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап,оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады.Қараев технологиясының құндылығы:

1) 100% үлгерім;
2) Жоғарғы деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
3) Оқушы “2” аламын деп қорықпайды,керісінше тапсырманың жауабына жоғарғы ұпай жинау арқылы ынтасы артады.Оқушыға төрт деңгейлі тапсырма беріледі;
4) Оқушы оқу материалын өзі меңгереді,ал ұстаз өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;
5) Педагогикалық технология орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отырып жүргізіледі.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың,яғни материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық шегі анықталады.Бұл деңгей-барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей.Осы деңгейдің негізінде курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады.Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,өз қабілеттеріне,қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік алады.

В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынды.Олар:оқушылық,алгоритмдік,эвристикалық,шығармашылық.Профессор Ж.А.Қараевтың “Педагогическая технология обучения” атты еңбегі оқытудың деңгейлік жүйесі туралы ой-пікірді тереңдете келіп,оқушылардың білімі мен білігін,танымы мен белсенділігін дамытатын бір тиімді әдістеме -әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесі екенін дәлелдеді.

Деңгейлік тапсырмаларға математика пәнінен мынадай талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1)Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2)Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3)Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1)Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2)Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар(логикалық есептер,ребустар және сөзжұмбақтар).
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларға:
1)Танымдық-іздену;
2)Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер;
3)Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру.Өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма,графиктер салу,жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1)Олимпиадалық есептер;
2)Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат,баяндамалар дайындау.
Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Оқулықта берілген тапсырма жұмыстары түгел қамтылып,деңгейлік тапсырмалар арқылы орындалады.45 минутқа негізделген 3деңгейлік тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмаларды оқушылар сыныпта және үлгермегенін үйде орындайды.
Мысалы,I деңгейдің тапсырмасы бойынша әр есеп 1ұпай болып есептелсе,тапсырмаға 6 есеп берілетін болса,барлығы-6 ұпай болып есептелінеді.
II деңгей бойынша әр есеп 3 ұпай болып есептелсе,тапсырмаға 4 есеп берілетін болса,барлығы-12 ұпай болып есептелінеді.
III деңгей бойынша әр есеп 5 ұпай болып есептелсе,тапсырмаға 2 есеп берілетін болса,барлығы-10 ұпай болып есептелінеді.
Сонымен,3 деңгейдің тапсырмаларын қосып:
I деңгей - 1-6 ұпай,
II деңгей - 12 ұпай,
III деңгей - 10 ұпай аралығы болуы мүмкін.
Бағалануы: 3-7 ұпай - «3»,
7-18 ұпай - «4»,
19-28 ұпай - «5».
Әрбір оқушы деңгейлік тапсырманы орындап болған соң,мұғалім дайындаған дұрыс жауаптармен өзі орындап үлгерген тапсырмаларын тексереді.Осылайша бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып,өз қабілетінде жетілдіреді.Оқушылардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан,өзара жарыс туады.

Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:
1. Өтілген материалды толық меңгереді,өйткені сабақ сайын қайталанып,пысықталынып отырады.
2. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.
3. Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады.
4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.
5. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады,алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.
6. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.

7. Техникалық құралдарды жиі пайдаланады.(Компьютер,интерактивті тақта).
Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын ” тиімді пайдалануда оқушының білімге деген құштарлығы,ынтасы артқанын,еркін сауатты сөйлеуге,өз ойын жинақтап ашық айтуға немесе дәлелдеуге,ұсыныс,пікір білдруге,ой қорытуға дағдыланатынына көзім жетті.Сабақтарда тиімді технологияларды пайдаланып,әр түрлі әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолданған жөн.
Шәкіртіміздің білімін шыңдау,қабілетті,дарынды тұлға дайындау-біздің алдағы жауапкершілікті міндетіміздің бірі болып табылады.Сондықтан тынбай,жалықпай,үнемі шығармашылықпен іздене жүріп,біімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайык,ұстаздар!

Әдебиеттер тізімі:
1.«Дарын» журналы. 2002ж,№2; /-71 бет/
2.«Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер» Өмірбаева К. 2001 ж.
3.«Сыр мектебі» газеті , 1 қаңтар 2003 ж.
Кері қайту
Ілмек сөздер: математика, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту

Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту

Қызылорда қалалық жалпы білім беретін кешкі мектептің математика пәнінің мұғалімі Шадиева Қатира Нәнтайқызы...
Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Жоспары: I. Кіріспе: Жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны. II. Негізгі бөлім: а) Оқытудың деңгейлеп...
Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі

Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі Даулетбаева Оразгул...
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...
Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Атырау қаласы,№35 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Калмуханова Самал Құдайбергенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×