Сайтқа кіру Тіркелу

Алғашқы функция және интеграл

Ақжайық ауданы,
Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі:
Имангалиева Бекзат Гилмановна

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы функция және интеграл
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: «Алғашқы функция және интеграл» тақырыбы бойынша қайталау, білімдерін бекіту, жалпылау, тереңдету. ҰБТ - ге дайындау.
2. Дамытушылығы: оқушыны ұқыпты тыңдауға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алуға үйрету және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, уақытын үнемді пайдалануға үйрету. Сол арқылы ҰБТ - де жоғары көрсеткішке ие болу.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, тест тапсырмалары
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдары

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың қажеттілігі туралы.
3. Оқушылардың білімін тексеру.
4. Есіңде ме, формула?
5. Кім жүйрік? Ауызша есептер шығару.
6. Зерделілер сайысы. Есеп шығару.
7. Тест тапсырмалары.
8. Сабақты бекіту
9. Қорытындылау. Бағалау
10. Үйге тапсырма беру
11. Рефлексия.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Шаттық шеңбері(Амандасу түрлері)
2) Математикалық терминдер айту)
3) Сарапшыны тағайындау
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сабақтың ұраны:
Біле бер қанша білсең -- тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле.
Бүгінгі сабағымыз «Алғашқы функция және интеграл» тарауын қайталауға арналған сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: «Алғашқы функция және интеграл» тақырыбы бойынша қайталау, алған білімдерімізді бекіту, тереңдету. ҰБТ - ге дайындау.
2. Дамытушылығы: ұқыпты тыңдауға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алуға үйренеміз және шығармашылық қабілеттерімізді дамыту.
3. Тәрбиелігі: алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, уақытын үнемді пайдалануға үйрету. Сол арқылы ҰБТ - де жоғары көрсеткішке ие болу.

Сабақтың қажеттілігі туралы айтатын болсақ:

Механикада материалдық нүктенің жүрілген жолы белгілі болғанда оның жылдамдығын, үдеуін туындыны қолданып табуға болады.
Алайда механикада материалдық нүктенің үдеуі; жылдамдығы белгілі болғанда жолды есептеуге тура келеді. Мұндай есептерді шығару үшін дифференциялдау амалына кері амалы интегралдау амалы қолданылады.
Интегралдау – берілген функцияның барлық алғашқы функцияларын табу. Қисық сызықты трапецияның ауданы, жазық фигуралар ауданы, айналу денелерінің бүйір беті ауданы мен көлемі, қисық сызықтардың ұзындығын есептеуде интеграл қолданылады.
Бүгінгі сабақта осы отырғанымыздай топ болып, білім байқауын өткіземіз.
3. Оқушылардың білімін тексеру.
а) Алғашқы функция анықтамасы (4 ұпай )
Егер теңдігі орындалса, онда F(x)- ті f(x) функциясының алғашқы функциясы деп атайды, ал өрнегін f(x) функциясының анықталмаған интегралы деп атайды. Мұндағы С - кез келген тұрақты шама

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×