Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеуге, АТҚ пайдаланып есептер шешуге жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері:
1) Бірлік кесіндіні анықтауға
2) Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеуге
3) Ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланып есептер шешуге
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Кесте, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: Таратпалар, сызғыш, қарындаш
Сабақтың жоспары:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Топқа бөлу
3 Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
4 Сұрақ - жауап арқылы тақырыпты пысықтау
5 Топпен жұмыс
6 Оқулықпен жұмыс
7 Сергіту сәті
8 Логикалық есептер
9 Сәйкестік тесті
10 Сабақты қорытындылау
Сабақтың барысы:
1. Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен және міндетімен таныстырып өту.
2. Оқушыларды топқа бөлу. Яғни қағаз қиығына бұрыс, дұрыс және аралас сандарды жазып, үстел үстіне қойылады. Оқушылар келіп үстелден бір – бірден қағаз қиығын алып, ондағы санды оқып, өз тобын тауып алуы керек. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топ аттары: «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек» және «Аралас сан». Әр топтың аты А4 қағазға жазылып үш партаға алдын - ала қойылып қойған.
3. Үй тапсырмасын (№898) дәптерлерін жинап алып тексеру
4. Сұрақ – жауап арқылы тақырыпты пысықтау 1. Координаталық сәуледе О нүктесі қалай аталады? 2. Жай бөлшекті координаталық сәуледе қалай кескіндейді? 3. Дұрыс және бұрыс бөлшектер 1 - ге қарағанда қалай орналасады?
5. Топпен жұмыс барысында:
1. Әрбір топ оқушылары өз топтарының атына анықтама береді және таныстырады.
2. Слайдта берілген нүктелердің координаталарын анықтау(әр топ өз жауаптарын жазып көрсетеді.)
Есептің жауабы:
3. Берілген жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескінде.(әр топ өз жауаптарын жазып көрсетеді. )
Бірлік кесінді 3 см
6. Оқулықпен жұмыс: №898 есеп (слайдта домбыраның суреті арқылы есепті шешу) Жауабы:
7. Сергіту сәті: «Қаршаны қағып ал» слайд көрсетіліп музыкамен сүйемелденіп отырады. Сергіту сәтінің шарты «Қанша бұлт» сұрағы арқылы және «Қар адам қандай қаршадан пайда болады?»
8. Логикалық есеп: 1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
3 топқа: 1м 40см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 35см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
9. Сәйкестік тестін орындау шарты: слайдта көрсетілген тестін жауаптарын тауып, дұрыс жауапты тапқан оқушы тақтаны түртіп дұрыс жауапты көрсетеді.
10. Сабақты қорытындылау: Рефлексия: «Жұдырықтан 5 саусаққа» Стратегиясы бойынша өз білімін бағалау
5 саусақ – түсіндім
3 саусақ – сұрағым бар
жұдырық – ештеңе түсінбедім.
Үйге тапсырма: Даярлық тапсырма, ережеледі қайталау. №908 есеп
Оқушылардың білімін бағалау. Арнайы шкалалар арқылы
Әр оқушының өзіне арналған
Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
- gulnas-hihmetova
- 16 қаңтар 2016
- 4709
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, математика
Ұқсас жаңалықтар:
Сан аралығына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру....Бөлшектерді қосу мен азайту
Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шамиганова Райхан Манапқызы...Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
Петропавл қаласы, №20 орта мектеп математика пәнінің мұғалімі Айгүл Тұрсынбайқызы...Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы...Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
№35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.