Сайтқа кіру Тіркелу

Сыныптан тыс жұмыс: "Жас математиктер"

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойнайық!
Қатардан атта қалып қоймайық
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен - текке жоймайық
Ойнайық, ойнайық та ойнайық
Білімділік көрсетейік, сынайық
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Ойнайық та, ойлайық» ойынына қош келдіңіздер!
(бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді)
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
5 - сынып оқушылары «Алғырлар» тобы
6 - сынып оқушылары «Тапқырлар» тобы
1 - бастаушы:
Басталық ақыл - ойдың дара кешін
Халайық сендер бізді жақын келші
Математика ғылымына ұмтылғандар
Сен егер кім екенін білгің келсе,
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлерің ырысы
Жарқырап жатыр жолында
Математика сырлары
Қызықтарды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Бүгінгі жарыстың жоспары:
1. Викторина
2. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»
3. «Сиқырлы ғаламшар»
4. «Ғажайық алтылық»
5. «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»
Жүргізуші:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе
Мықты болса - тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып оз, - деп келесі сайысымыз «Викторина» сайысына кезек береміз.
Алғырлар тобына
1. Құрамындағы әріптері бар өрнек (әріпті өрнек)
2. Екі санның бөліндісін не дейміз?(қатынас)
3. Р=2(а+в) қандай фигураның формуласы? (төтрбұрыштың периметрі)
4. 24 санының бөлгіштерін ата? (1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24)
5. 5 санының бөлгіштік белгісі? (0 және 5 - тен аяқталса)
6. 2 - ге бөлінетін натурал сандар? (жұп сандар)
7. Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура? (бұрыш)
8. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін кесінді? (биссектриса)
9. Тік бұрыштан үлкен, ал жазық бұрыштан кіші бұрыш (Доғал)
10. Екі санның қосындысы 8 - ге, көбейтіндісі 15 - ке, айырмасы 2 - ге те. Бұл қандай сандар?
(5 және 3)
Тапқырлар тобына
1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?(теңдеу)
2. Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз?(масштаб)
3. S=ab қандай фигураның формуласы?(тіктөртбұрыштың ауданы)
4. 27 санының бөлгіштерін ата? (1, 3, 9, 27)
5. 9 санының бөлгіштік белгісі? (цифрларының қосындысы 9 - ға бөлінеді)
6. 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін сандар?(жай сандар)
7. Екі жиынның екеуіне де тиісті элементтерден ғана тұратын жиынды екі жиынның..... дейміз?(қиылысуы)
8. Амалдарға таңбалардан жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп айтамыз? (санды өрнек)
9. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы(периметр)
10. Тәулік қай кезде қысқа? Қыста ма әлде жазда ма?(тең)
Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл қарындаш пен қаламды
Айыра біл соқпағын да өмірдің
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» сайысына береміз.
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы ғаламшар».
1. Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің артында, үшеуі тізбектесіп қатар ұшқан. Қанша үйрек келеді?(3)
2. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)
3. Түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой (15)
4. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше кг картоп болуы тиіс?(48 және 52 кг)
5. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды? Немересі неше жаста? (Немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста)
6. Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 30 есе көбейтсе 2700 – ге тең болады. Данияр қандай сан ойлады? (90)
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын, - деп келесі кезекті «Ғажайып алтылық» сайысына береміз. Әр топтың капитаны шығып, сандарды таңдауы тиіс. Таңдалған санның астында жұмбақ жасырулы. Сол жұмбақтарға жауап берейік.

Жүргізуші:
Келесі кезекте «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»
Алғырлар тобына:
Әр бөлікте бір қоян не бір өсімдік тұратындай етіп үш түзумен бөл

Тапқырлар тобына:
Сағатта 6 бөлікке бөл, әр бөліктің қосындылары бірдей болатындай етіп

Жүргізуші:
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ - қазы алқасына беріледі.
Ең бастысы орын емес жарыста
Терең білім, жеңу шарты сайыста
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз
Өмір де жетері хақ табысқа.
Осымен «Ойнайық та, ойлайық» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады
Бұның қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын тыңдады
Көңіл бөліп бұл сайысқа
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×