Сайтқа кіру Тіркелу

Тарихи дөңгелек

Сабақ тақырыбы: Тарихи дөңгелек
Сыныптар 9 - 11 сынып арасында
Сабақ мақсаты:
1. а) АТҚ пайдалан отырып оқушыларды математика пәнінің тарихына деген көз қарастарын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту;
ә) оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту;
б) оқушыларды алғырлыққа, топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).
Сабақтың барысы.
Математика – ермек емес, балалық,
Математика – көрегендік, даналық
Сондықтанда балалар қалыс қалып қалмайық, бүгінгі сайыста бар күшімізді салайық деп сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
1. Шығармашылық тапсырма
2. Кім? Қашан? Қайда?
3. Мергендер сайысы
4.«Үндемес» ойыны
5. Әріптер мекені
6. Қорытынды
І – кезең: Шығармашылық тапсырма (Оқушылардың топ аты, мүшелері, эмблемалары, үй тапсырмасы шағын көрініс қою)
ІІ – кезең: Кім? Қашан? Қайда?
Ойын шарты. Бейне тақтада сұрақтар шығып отырады. Бірінші ол адамның кім екенін содан сол ғалымның қай елден, қай жылы туғанын айтып беру керек. Дұрыс жауап тақтадан шығып отырады.
Кезеңінің сұрақтары
1 - слайд. Сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,- деген кім? Және қай жылдары өмір сүрген, қай елден?
1 слайд жауабы 2 слайд 3 слайд 4 слайд 5 слайд 6 слайд
жауабы: Архимед
Бэд 287 - 212ж Ежелгі гректің ғалымы. Математиканың көптеген фактілері мен әдістерін алғаш ашқан, тамаша
2 - слайд. Жердің шар тәріздес екенін бірінші ұққан және дұрыс үшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген кім? Қай жылдары, қай жерде дүниеге келген?
Жауабы: Пифагор Самосский Б. э. д. 570 ж - 490ж
Ежелгі грек ғалымы Пифагор математикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген
3 - слайд.”Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы енгізді және интегралды белгілеуді ойлап тапқан кім? Қай жылы өмір сүрген және қай елден?
Жауабы: Г. В. Лейбниц1646 - 1716ж Неміс философы, математик, физик, заңгер, тарихшы, тіл маманы
4 - слайд. 10 жасында 1 - ден 100 дейінгі сандардың қосындысын тапқан кім? Қай жылы туған, қай жердің математигі?
Жауабы: К. Ф. Гаусс 1777 - 1855ж 30 ақпан Неміс математигі, астроном, физик
5 - слайд. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы (академик) алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол кім, қай жылғы, қай елден?
Жауабы: Жәутіков Орымбек Ахметбекұлы (1911 - 1989) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. О. Жәутіков - республикалық физика - математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңірген.
6 - слайд. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтіндігін, оның кеңеюін есептеген қазақ математигі кім? Қай жылы, қайда дүниеге келген?
Жауабы: Асқар Жұмаділдаев25. 02. 1959жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. Ғалым, Математика – физика ғылым докторы.
ІІІ кезең: Мергендер сайысы (Слайдтан )
Ойын шарты: ақ және қара түспен боялған дөңгелек берілген. Ол дөңгелектің бөліктері сәйкес ұпайлармен белгіленген. Арнайы инелерді сол дөңгелек бөліктеріне лақтырып, сәйкес сұрақтарға жауап берсе ғана ұпай қанжығасына байланады. Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруіне болады.
1 Сұрақ: Ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеседі?
Жауабы: (5)
2 Сұрақ: Үйде 12 шәшке мен 9 табақша бар еді. Кішкентай Камшат анасына көмектеспекші болып ыдыстарды жуғанда шәшкелердің жартысы мен 7 табақшаны сындырып алды. Неше шәшке табақшасыз қалды? Жауабы: (4)
3 Сұрақ: Бір күні қасқыр мен түлкі тегін балыққа кез болады. Қасқыр түлкіге: «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл»,- дейді. Сонда түлкі: «Саған біреу, маған екеу, саған оған үшеу, маған төртеу, т. с. с. ең соңында 20 балықты өзі алады». Қайсысы көп алды және қанша артық алды? Жауабы:(Түлкі 110, қасқыр 100 балық алды).
4 сұрақ: Шал көп балық аулап, көңілденіп, әндетіп келе жатып, жолда өліп жатқан түлкіні көреді. «Кемпіріме жаға болды»,- деп қуанған шал түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 - минутта 2 балық, т. с. с. әр лақтырған сайын алдыңғы лақтырғаннан 2 есе көп балық лақтырып отырады. 5 минутта барлығы неше балық лақтырған? Жауабы:(31)
ІҮ – кезең: Үндемес ойыны
Ойын шарты: Әр топтан 2 оқушы шығады (кезектесіп). Бейне тақтада келесі суреттер шығады
І топқа ІІ топқа
Бүл заттар қандай фигураға ұқсайды? Топ мүшелеріне тек қимылмен ғана көрсет
Жауабы:
Ү – кезең «Әріптер мекені»
Ойын шарты: Әр топтан 1 оқушы шығып геометриялық фигураны таңдайды. Әр фигураның артында р әріп жасырынған. алғашқы әріпі сол әріптен басталатын математикалық терминдерді атап шығады. Кім көп сөз атаса сол жеңімпаз атанады.
Мысалы: Шеңбер - радиус - сәуле - еселік - кесінді т. б
Дөңгелек - квадрат – теңсіздік - т.
Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер. Деп бүгінгі сайысымыз қорытындылауды әділ қазылар алқасына береміз.

ҮІ кезең Сабақты қорытындылау. Топ мүшелерін марапаттау, алғыс хаттар беру

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×