Сайтқа кіру Тіркелу

Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар

Шал ақын ауданы.
Жалтыр негізгі мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Әбілова С. А.

Математика (5 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар
Сабақтың мақсаты: 1. Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар жөніндегі білімдерін тиянақтау.
2. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру, шығармашылығын дамыту. 3. Жылдамдыққа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Білім бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: «Тренинг сабақ»
Көрнекілік: Интерактивті тақта, қима қағаздар, суреттер.

I Қызығушылығын ояту.
1. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Бағалау парағын тарату.
3. Балалар, алдарымызда үлкен қақпа тұр. Қақпаның аузында сиқырлы құлып, оны ашу үшін сиқырлы әріптердің шешімін табуымыз керек. Ол мына сан сәулесіндегі әріптердің координаталарын тапсақ, ашылады ( интерактивті тақтада көрсету)
Жауабы: А (1, 2); В (0, 6); С (2, 85); Д (1, 9)

Координаталарын таптық, қақпаны ашайық. (музыка ойналады). Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де әлемді таң қалдырған Орда болыпты. Оны ақылды, білімдар «Математика» басқарыпты. Математика өз ордасына жалқаулар мен дымбілместерді кіргізбейді екен. Ендеше білімдерімізді көрсете білейік, ол үшін Математиканың бізге қоятын тапсырмаларын орындауымыз керек.
II) Мағынаны ажырату.( Тапсырмалар: I. II. III. IV.)
1 - тапсырма: теңдеуді шеш, «қытайша десерт» стратегиясы бойынша.
І топ – (1), (1, 28 +3, 72) * х =0, 75 --------- ж: х=0, 13
ІІ топ – (3), (х +3, 29) * 5 =42, 35 ----------- ж: х= 5, 18
ІІІ топ – (4), 14, 85: х - 3, 57 =1, 38 --------- ж: х= 3
ІV топ – (6), 163, 21: х +18, 31=42, 31 ------ ж: х= 6, 8

2 - тапсырма: Өрнектің мәнін тап (интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, орындалады)

3 - тапсырма:«Сурет бойынша болжау» стратегиясы. Әр топтарға суреттер таратылады, болжау жасау арқылы есептер құрастырылып, шығарылады.
4 - тапсырма: Ондық бөлшек түрінде жаз:(интерактивті тақтада көрсетіледі)
1⁄2; 4⁄125; 8 %; ( 8)⁄5; 163 %; 11⁄20; 34⁄10; 3⁄4 96 %; 3⁄(25 ) Біз Математиканың ондық бөлшектерге берген тапсырмаларын орындап шықтық, бізді Ордаға кіргізді.
ІІІ Ой толғаныс. Алдымызда әлі Математиканың талай ашылмаған сырлары мен құпиялары көп, біз жақсы оқуымыз арқылы білімімізді тереңдетуіміз, ізденуіміз керек. Ал біз тапсырмаларды орындай отыра нені білдік?... Ендеше ережелерді айта қояйық. Үйге тапсырма: №1568, № 1574, шығармашылық жұмыс - амалдарға арнап « бес жол өлең» жазу Баға қою. (Әр топ бағалау кестесі бойынша тапсырмаларға баға береді)
Математика патшалығы сіздердің еңбектеріңіз үшін сыйлық әкеліпті, ол үшін бір шарт орындауымыз керек. Ол шарт мынау: есепті тез шығарсақ, сыйлықты табамыз.(Есептен баланың аты жазылған сөз шығады, сыйлық сол балада жасырылған)
Есеп: Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой.
1. 43+17=6 - М
2. 37+586=956 - ұ
3. 5+999=1499 - с 4. 83+388=8688 - а Конверттегі сыйлықта «4» пен «5» деген бағалар бар. Әр топ бағалау кестесі бойынша өз топтарына баға береді, сыйлықтар таратылады.
Математика патшалығының айтар тілегі: (интерактивті тақтада)
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×