Сайтқа кіру Тіркелу

Математикалық биржа

«Ешқашан да бәрін
Білемін, енді маған
Бұдан артық үйренетін
Ештеңе жоқ деп санаушы болма»
Н. Д. Зелинский

Тақырыбы: «Математикалық биржа»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, білімдерін тереңдету, математикалық ой - өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
Оқшыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: газеттер, логикалық тапсырмалар
Түрі: сайыс
Сайыстың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
І бөлім. Білім аукционы
ІІ бөлім. Эрудиттер сайысы
ІІІ бөлім. Таңдау - табыс
ІV бөлім. Сыйлықтар аукционы
V бөлім. Қорытынды, марапаттау.
Кіріспе сөз:
Жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызды «Математикалық биржа» сайысына қош келдіңіздер!
Басталық ақыл - ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе...
Ал көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
І бөлім. Білім аукционы
1. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? 6 лақ
2. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?

3. 4х+5(3 - 2х)=5 - 11х Жауабы: - 2
4. Алдар көсе ауылға келе жатты. Жолда ол байды және оның үш нөкерін кездестірді. Осы ауылға қанша адам бара жатты? Алдардың өзі
5. Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды?
Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5

6. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? 3
7. 3*3 шаршының бос бөліктеріне 1 - 9 сандарын әр жолда тігінен және көлденең қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр.
8. Шаруа себетпен базарға жұмыртқа әкеле жатса, себетін бір атты адам қағып кетіп, жұмыртқа жарылып қалыпты. Атты: “неше жұмыртқа әкеле жатыр едің?”- дейді. Шаруа: “Қанша, екенін білмеймін, бірақ екіден, үштен, төрттен, бестен, алтыдан қойып шыққанда бір жұмыртқа артық қалушы еді, ал жетіден бөлгенде қалдықсыз бөлінетін”- дейді. Себетте неше жұмыртқа болды екен? Жауабы: 301
ІІ бөлім Эрудиттер сайысы
1. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи - дің мәні нешеге тең? 3, 14
2. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. Дұрыс бөлшек
3. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? шеңбер
4. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек бұрыс бөлшек
5. Фигуралардың қайсысының көлемін есептеуге болады? Куб
6. Мына сөздердің авторы кім? “Математика - ой, ақыл шегін кеңейтеді”.
Орынбек Жәутіков
7. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик. ) Әл - Фараби
8. Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды.
Жай бөлшек еш уақытта қысқармайды

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты сағат

Қызықты сағат

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін...

"Үздік математик"

БҚО, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Шукирбаева Айдана Асқарқызы...
Қызықты математика

Қызықты математика

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махмутова Алия Серажиденқызы...
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру

Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Талдыарал елдімекені № 215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна...
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару

№35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×