Сайтқа кіру Тіркелу

2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Математика 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды жұп, тақ сандарды ажырата білуге, санның соңғы цифрына қарап, оның 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйретуге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың математика мәдениеттілігі мен математикалық іс – әрекеттер арқылы ерлікке, төзімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ, жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, топпен сайыс есептерін, тапсырмалар орындату.
Сабақтың барысы: Оқушыларды сабаққа жан - жақты даярлау. Сабаққа жетті құралдарын түгелдеп дұрыс отыруына назар аудару.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер дей келе бәріңді білімді болуға шақырымын.
Сабағымызды сайыс түрінде жүргіземіз. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.
І. Үй тапсырмасын тексеру
№193
2 мысық 2 минутта 2 тышқан жейді. 1) 4 мысық 4 - минутта неше тышқан жейді? 8 - тышқан
3 мысық 3 тышқанды неше минутта жейді? 2минутта
Пысықтау сұрақтары:
1. Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
2. Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?
3. Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді?
ІІ. Жаңа материалды ашу
Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
0, 2, 4, 6 және 8 цифрлары жұп цифрлары деп аталады.
1, 3, 5, 7, және 9 цифрлары тақ цифрлары деп аталады.
Жазылуы жұп цифрімен аяқталатын натурал сандар 2 - ге бөлінеді. Жазылуы 0 цифрімен немесе 5 цифрімен аяқталатын натурал сандар 5 - ке бөлінеді. Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10 - ға бөлінеді.
ІІІ. Есептер шығару
Осы тақырып бойынша әркім өз білім деңгейін іс - жүзінде көрсетіп, бәсеке саудаға түсетін заттарды сатып алуға ат салысып, ұқыпты, тиянақты жауап беруге міндетті.
Бәсекеге сыныптағы 4 оқушы қатысып, №197 есепті шығару арқылы, біреуі жеңімпаз болып, саудаға түскен қаламды жеңіп алады.
№197
1) 2 - ге бөлінетін: 144, 184, 278, 520, 990, 646.
2) 5 - ке бөлінетін: 415, 520, 990, 825, 975.
3) 10 - ға бөлінетін: 520, 990.
Сызғыш, қалам тағы бар
Алатын қане кімдер бар
Тектен - текке бермеймін,
Білімдерді тергеймін – дей келе мен саудаға сызғышты саламын. Бұл алдыңғы заттан қымбат, ендеше оның тапсырмасы күрделі болмақ.
№207
0, 3, 4, және 5 цифрларын пайдаланып: 1) 2 - ге; 2) 5 - ке; 3) 10 - ға бөлінетін 4) 2 - ге бөлінбейтін екі таңбалы сандарды жазыңдар.
2 - ге: 34, 30, 40, 54, 44, 50
5 - ке: 40, 55, 30, 45, 50, 35
10 - ға: 30, 40, 50 бөлінеді
2 - ге бөлінбейтін 33, 43, 53,
Рұқсат жоқ, қалыс қалуға
Тырыс сатып алуға.
Сызғыш не тәйірі,
Дәптер ал деймін тағыда – дей келе саудаға қалың дәптерді саламын. Дәптер алдыңғы затқа қарағанда қымбат. Ендеше оның тапсырмасы күрделірек.
№218
Аулада мысықтар мен тауықтар жүр. олардың барлығы 8. Мысықтардың әрбір аяғында 5 тырнақ, ал тауықтардың әрбір аяғында 4 тырнақ бар. Аулада барлық мысықтар мен тауықтарда 100 тырнақ бар. Аулада неше мысық, неше тауық бар?
Жауабы: 3 мысық, 5 тауық
3∙12∙5=60 5∙2∙4=40
Бекіту сұрақтары:
1. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
2. Қандай цифрларды таұ цифрлар деп атайды?
3. Қандай сандар 2 - ге бөлінеді?
4. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
5. Қандай сандар 10 - ға бөлінеді?

Үйге тапсырма: №198, 208
Бағалау. Қосымша:
Ойлайық та, ойнайық.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ойлау қабілетін арттыру. Оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
• 1 км – де неше метр бар? (1000м)
• Аспан денелерінің ішінде ай үлкен бе. Жер үлкен бе? (жер)
• 1 сағатта неше минут бар? (60 секунд)
• Жердің күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт. (жыл)
• Жердің ауа қабаты қалай аталады? ( атмосфера)
• Натурал сандар нешеден басталады? (1 - ден)
• 1тәулікте неше сағат бар? (24)
• Нәрселерді санауда қолданылатын сандар (натурал)
• Қай айда 28күн бар (барлық)
• 2адам шахматты 2сағат ойнады. Әрқайсысы қанша уақыттан ойнады?(2)
• Шығыстан батысқа қарай 60км/сағ жылдамдықпен электропойыз келеді. Сол бағытта 50км/сағ жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытта болды?(электропойыздың түтіні болмайды)
• 2 - ден үлкен, 3 - тен кіші сан шығу үшін екі 2 - нің арасына қандай таңба қою керек? (2, 2)
• Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
• №1, №2,№3 пәтерлерде үш мысық тұрады. Олар; ақ мысық, қара мысық, және ала мысық. №1 және №2пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Әр мысық қай пәтерде тұрады? (№3 қара мысық, №2 мысық, №1 ала мысық)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Білімділік: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін тез есептеуде, мәтін есептерді шығаруда, дәлелдеуде орынды, жүйелі қолдана білуге...
Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....
2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

- натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін анықтап, айта алады. - натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік...
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері

Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілерімен таныстыру; Дамытушылық: Натурал сандардың 2 -...
Математикадан графикалық диктанттар жинағы

Математикадан графикалық диктанттар жинағы

Ақтау қаласы, Дайындаған: математика пәні мұғалімі Сарсенова Әдемі Махтумбердіқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×