Сайтқа кіру Тіркелу

Математика сабағында ойын элементтерін қолдану

Сабақтар топтамасы:
1. Рационал сандарды қосу мен азайтуды қайталауға арналған жаттығулар
2. Ондық бөлшектер
3. Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
4. Көпмүшені бірмүшеге көбейту

Сабақ үлгісі
6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен азайтуды қайталауға арналған жаттығулар.
Сабақтың білімдік мақсаты: Рационал сандарды қосу мен азайтуға жаттықтыру.
Дамытушылық мақсаты: Іскерліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, ұлттық сана – сезімін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
І. «Хан» ойыны.
Ойынға 5 оқушы қатысады. Алдымен жеке – жеке асық иіреді. Кімнің асығы алшысынан түссе, сол хан, кімнің асығы бірінші тәйкесінен түссе, сол уәзір болады. Уәзір сыныптағы оқушыларға сұрақтар қояды. Хан олардың жауаптарын бағалайды.
Өткен тарау бойынша қойылатын сұрақтар.
1) Таңбалары бірдей сандарды қосу ережесі. Мысал келтір
2) Таңбаларды әр түрлі сандарды қосу ережесі. Мысал келтір
3) Алгебралық қосынды деп қандай сандардың қосындысын айтамыз?
4) Қарама – қарсы сандардың қосындысы неге тең?
5) Таңбалары әр түрлі сандарды азайту ережесі.
6) Таңбалары бірдей сандарды азайту ережесі.
7) Рационал сандар қалай азайтылады?
ІІ. «Теңге алу» ойыны.
Есепті тақтаға 3 қатардан 3 оқушы шығып шығарады. Дұрыс шығарған оқушы теңге алып отырады. Қай қатардың теңгесі көп, солар жеңіске жетеді.
ІІІ. «Аңшылар» ойыны.
Ойынға сынып түгел қатысады. Сыныптан өз еркімен 2 оқушы аңшы болады. Қалған оқушылар үйректер болады. үйректер аңшыларға есептер ұсынады. Аңшылар есепті дұрыс шығара алса үйректерді атып алғаны. Аңшылар ауыстырылып отырады.
ІV. «Аламан бәйге» ойыны.
Әр қатарға есептері бар 3 бет таратылады. Қатардағы оқушылар кезекпен бір есептен шығарады. Әр оқушы өзінің есебін шығару ретіне байланысты нөмірлейді. 5 – 6 минут уақыт беріледі. Қай қатардың бірінші болғаны, дұрыс шығарғандығы соңынан қорытындыланады.
V. «Орамал тастау» ойыны.
Тақтаға шығып бір оқушы бастайды да әрбір таңбадан кейін борды бір оқушыға береді. Кезектесу арқылы орындайды.
VI. Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Рационал сандарды азайту

Рационал сандарды азайту

Координаталық түзуде қарама - қарсы сандардың орналасуы, еске түсіре отырып, рационал сандарды азайтуды біледі....
Рационал сандарды көбейту және бөлу

Рационал сандарды көбейту және бөлу

Рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру. Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс...
Рационал сандарды салыстыру

Рационал сандарды салыстыру

рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді меңгерту....
Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы

Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы

Рационал сандарды ондық периодты бөлшек түрінде жазуды үйрету; Тақырыпты меңгерте отырып, есептер шығару барысында оқушылардың білім - білік,...
Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні

Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ математика, информатика пәнінің мұғалімі Турмухаметова Асел...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×