Сайтқа кіру Тіркелу

Кеңістіктегі векторлар

Сабақтың тақырыбы: «Кеңістіктегі векторлар» тарауына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Осы тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтап, қасиеттерді, теоремаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Ойлау есте сақтау қабілеттерін, өз бетінше жұмыстану дағдысын қалыптастыру, шығармашлықпен жұмыс жасауына ықпал ету.
Тәрбиелік: Алға қойған мақсатқа жетуге, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау, жинақтау.
Сабақтың әдісі: Білімді бекіту.
Оқыту әдісі: Сатылай - кешенді талдау.
Техникалық – құралдар мен көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тестік тапсырма, активоид құралдары.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру.
2) Мақсатын қою
3) Білімін тексеру
4) Есептер мен жаттығулар арқылы білімін тексеру.
5) Тестілік тапсырмалар
6) Үйге тапсырма ІҮ тарауға қосымша есептер № 98, 99
7) Бағалау
1 - кезең Вектор анықтамасын айту,
Коллинеар векторларды сызбадан табу.
Бағыттас, қарама - қарсы векторларды сәйкестендіру арқылы көрсету.
2 - кезең Вектордың координатасына есеп.
№1 А( - 2; 3; 6), В(3;- 5; 6) АВ векторының координатасын тап.
Шешуі: АВ( 3+2,- 5 - 3, 6 - 6) АВ (5,- 8, 0)
Вектор ұзындығын табуға есеп.
№2 А( 1; 2; 3), В( 5; 2; 4), С( 0; 2; 1), Д( 0, 2, 3) параллелограмның төбелері, диагональдарының ұзындығын табыңыз.
Шешуі: АС(0 - 1, 2 - 2, 1 - 3) АС(- 1, 0,- 2) │АС│= √5
Тең векторлар сызбадан: параллелограмм, трапеция, квадрат, ромб тең векторларды ауызша атау.
3 - кезең Векторларды қосу. m ( 3; 2; 2), n ( - 1, 2,- 3) m+n векторын тап.
Шешуі: m+n(2, 4,- 1)
Векторларды қосу қасиеттерін айту.
Векторларды азайту. m ( 6; 3; 2), n ( 2, 3;- 3) m - n векторын тап.
Шешуі: m - n (4, 0, 5)
4 - кезең 1. Векторды санға көбейтуге есептер
a ( - 1; 1;- 4), b( 0,- 2, 4) векторлары берілген. 2 а – b векторын тап.
Шешуі: 2 а – b =2a (- 2, 2,- 8) – b (0,- 2, 4)= 2 а – b (- 2, 4,- 12)
2. а векторына берілген. 2а, - 3а векторын салыңыз.
3. Вектордың жіктелуін жазу. a ( - 2; 1;- 4), b( 0,- 2, 0) векторларын
орттар бойынша жіктеп жаз.
Шешуі: а= - 2i+j - 4k, b = - 2j
5 - кезең 1. а (1,- 5, 2) және b (3, 1, 2) векторлары берілген. 2а +b мен 3а - 2 b векторларының скаляр көбейтіндісін тап.
Шешуі: 2а+b = (5,- 9, 6) 3a - 2b=(- 3,- 17, 2) 2а +b *3а - 2 b= 150.
2. А(0, 1 - 1); В(1,- 1, 2); С(3, 1, 0) нүктелері берілген. АВС үшбұрышының С бұрышының косинусын тап.
Шешуі: АС(3 - 0, 1 - 1, 0+1) АС( 3, 0, 1) │АС│= √10
ВС( 3 - 1, 1+1, 0 - 2) ВС (2, 2,- 2) │ВС│= √12
Соs C = (3, 0, 1)*(2, 2,- 2) /√10*√12 = 4/√120=√30/15
6 - кезең Оқушы білімдерін сауалнама жұмыстары арқылы тексеру.
Сауалнама есептері:
1. А ( - 6, 3, 0) нүктесі қай жазықтықта орналасқан?
А) ху жазықтығы
B) уz жазықтығы
C) х осінде
2. m (4, 0, 3), n ( - 9, 2, 6) векторларының абсолют шамасын тап.
А) 7; 4
B) 5; 6
C) 5; 11
3. m (2,- 2, 9) векторының жіктелуін жазыңыз.
А) m= 2i - 2j - 9k
B) m = - 2i - 2j+9k
C) m = 2i - 2j+9k
4. а (- 2, 5, 3) мен b (1, с,- 1) векторлары перпендикуляр. С саны неге тең?
А) 5
B) - 1
C) - 2
5. Векторлардың арасындағы бұрышты тап. Егер а (3, 0 - 1), b( 0, 3,- 1) тең болса,
А) 2/10
B) - 1 /10
C) 1/10
Қорытындылау. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×