Сайтқа кіру Тіркелу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ №91 Сыныбы 6 математика
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу. Қозғалысқа берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара білулеріне жағдай жасау.
Дамытушылық: Ойлау қаблеттерін дамыта отырып есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Көрнекілік:
Үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі:
Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.
Қолданылған
әдебиеттер:
«Математика» дидактикалық материалдар 6 - сынып. Т. А. Алдамұратова.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.
III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:
• Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?
• Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлері қалай табылады?
• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің қандай алгоритмі бар?
IV. Теңіз жауынгері ойыны. сыныпты екі топқа бөлеміз: қыздар және ұлдар болып. Ұтқан топ «теңдеу шешудің нағыз білгірі» атанады.
Ойынның шарты: әр топ кезекпен сұрақтарды атады, оқ тимегенде қоныраудың үні шығып, кезек келесі топқа өтеді, егер мылтықтың дауысы шықса, онда топқа сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие болады және сұраққа жауап беріп бір ұпай алуға мүмкіндік туады. Ары қарай дұрыс жауап берген топ ойынды жалғастырады. Дұрыс жауабы батырманы басқанда шығады.
Сұрақтарды толық ашпауға болады, ол үшін алдын ала әр топтың қанша оқ ататындығы келісіп алу керек. Егер уақыт жетпей жатса ойынды тоқтатуға болады.
Теңдеуді көрсет:
1) 35 – 4(6 – 3) = 23 2) 35 – 4(6 – х)
3) 35 – 4(х – 3) = 23 4) 35 – 4(6 – 3)
Қай сан – 3х = 48 теңдеуінің түбірі болып табылады?
1) 16 2) – 16 3) 4)
– 2 саны қай теңдеуге түбір болады?
1) 3х – 4 = 12 2) х + 5 = 7 3) 5х + 2 = 8 4) 6 – х = 8
Ұқсас мүшелерді біріктір: 2а + 7а + 4а – 11а
1) 2а + 2 2) 2 3) 2а 4) 4а
Мына теңдеулер мәндер теңдеулер бола ма:
- 3(х - 5) = 11 и 3(х - 5) = - 11?
Мәндес теңдеулер бола ма:
2х – 1 = 17 и 2х = 17 - 1?
Ұқсас мүшелерді біріктір: 13х – 4 – 4х + 2
1) 9х - 6 2) 9х - 2 3) 17х + 2 4) 7х
Жақшаны аш: 5а + (4b – c)
1) 5a – 4b + c 2) 5a + 4b – c 3) 5a – 4b – c 4) 5a + 4b + c
1 саны қай теңдеудің түбірі болып табылады?
1) 3х – 4 = 12 2) х + 5 = 7 3) 6х + 2 = 8 4) 6 – х = 8
жақшаны ашыңдар: 2а – (3b – c)
1) 2a – 3b + c 2) 2a – 3b – c 3) 2a + 3b + c 4) 2a + 3b – c
Мына теңдеулер мәндер теңдеулер бола ма:
6х – 1 = 11 и 6х = 11 + 1?
0, 3х = - 4 теңдеуін бүтін коэффициентті мәндес теңдеулерге келтір
4(х – 5) = 20 теңдеуінің түбірі 5саны болып табылады ма?
Қай сан мына теңдеуге түбір болады? 4(х – 5) = - 4?
1) 0 2) - 1 3) 5 4) 4
Біздің почтамызға аяқ астынан хат жолдапты, ашып көрейік.
Құрметті немерем!
Сені қатты сағындым, қонаққа барғым келеді. Бірақ сенің көмегің қажет. Менің ауылым теміржол станциясынан 20 км қашықтықта. Поезд станциядан сағат 11 - де жүреді. Мен, қазір жас болмасам да, 5 км/сағ жылдамдықпен жүремін. Маған поездқа үлгеру үшін қай уақытта үйден шығу керек? Немерем маған айтып жіберші, өтінемін, тезірек сені көргім келеді, ал сенің көмегіңсіз болмайды поездтен кешігіп қалудан қорқам.
Сенің атаң.
Ендеше атамызға көмектесеміз бе?

V. Сынып жұмысында: №851, №867, №878 есептерін шығару.
VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.
1) Үйге №868, №869
2) Өзіндік бағалау. Сабақты қорытындылау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару. Шығармашылық жұмыс істеуге,...
Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу

Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу

Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады? Жауабы: ax=b түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады....
Білімді меңгеру дағдысын қалыптастыру

Білімді меңгеру дағдысын қалыптастыру

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Щапов орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі А. К. Сексенбаева...
Иррационал теңдеулер

Иррационал теңдеулер

Иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі әдістерімен танысу. Теңдеудің бөгде түбірі ұғымымен танысып, иррационал теңдеулерді шешкенде...
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару

Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару

Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×