Сайтқа кіру Тіркелу

Математикалық сандықша

Тақырыбы: Математикалық сандықша
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикадан алған білімдерін нығайту, тереңдету, кеңейту, қолдана алу
Дамытушылық: математикалық ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: жұмбақтар, слайдтар
Математикалық сайыстың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математикалық сандықша» ойынына қош келдіңіздер.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі - түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.
Жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болуы керек және тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
Сәлемдесу
Сергіту
Сандықша тапсырмалары.
Сары сандықша: жұмбақтар
Жасыл сандықша: логикалық тапсырмалар
Қызыл сандықша: есептеулер
Қорытынды.
Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады.
Шақырып жарыстарға сан - салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
«Тапқырлар» тобы:
Осындай алғыр достар кез - келгенде,
Жетсін - ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
«Алғырлар» тобының ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
“Тапқырлар” тобының ұраны:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Сергіту сұрақтары: әр жауапқа бір ұпай.
1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
3. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
5. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )
***
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
2. Қай санға бөлуге болмайды? (0)
3. Екі ғасырда неше жыл? (200)
4. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
5. Сенімен бірге жүреді? (көлеңке)
Сандықша тапсырмалары. Мұның ерекшелігі: әр сандықшаның өз ұпайлары бар. Сары - 2 ұпай, жасыл – 4 ұпай, қызыл – 6 ұпаймен бағаланады.
Жұмбақтар:
1. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш /
Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Оң қазықты айналды. / циркуль /.

Логикалық тапсырма:
1. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?
1 күн және түн 4 - 3=1 (м)
2 күн 1*2=2
3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)
2. Шыны жуушылар бригадиріне мына есепші шығаруға көмектесіңіздер. Егер екі жұмысшы 60 шыныны 7 сағат 20 минутта жуса, екі жұмысшы 30 айнаны жуып шығу үшін қанша уақыт керек. Барлық шынылар мен айналардың мөлшерлері бірдей.
Жауабы: 1сағ. 50 минут, өйткені шынының екі жағын жуу керек, ал айнаның бір жағын.
3. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?
4. Динараға әжесі 5 кітап сыйлады. 3-уінен басқасын ол оқып шықты. Оған әлі неше кітап оқу керек? (3)
5. 1, 2, 3 цифрлары бір рет ғана кездесетін неше үш таңбалы сан бар? Шешімі: 3! =1*2*3=6
Есептер:
1. 1 - ден 100 - ге дейінгі сандарда 7 саны неше рет кездеседі?
2. Бөлшекті салыстыр:
29/37 және 145/187
3. Теңдеуді шеш:
(48 - х): 7= 5
4. Есептеңдер:
(3/16+ 5/12) - 3/8
5. Көбейтуді орында: 101/5 •10/17
Жанкүйерге: Мақалды тап. Мына дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Сонда қай әріптен бастап оқу керек.? Ол не деген мақал? Жауабы: Мектеп – кеме, білім – теңіз

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×