Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп Міржақып Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту және шығармашылық ізденіске баулу бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапты іс. Қоғам дамуындағы ең басты бағыт – оқушыға жүйелі, жан - жақты білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың өзі бір ғылым демекші осы мақаламда жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерге тоқталып өтсем.
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер
1. Дилогты оқыту арқылы жүзеге асады.
«Диалог» сөзі гр. тілінен аударғанда екі кісінің тіл арқылы қатынасқа түсуін айтамыз. Мерсер мен Литолтон (2007) диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Диалог бойынша оқыту
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір - бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, бірлескен түсінік қалыптасады
Өз идеясын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр. Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді. Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой - пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық - физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым - қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
7 - модулді сабақта әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігі, сабаққа көңілді қатысуы, қызығушылықтары оянады.
Сөзімді қорытындыласам қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
- aigerimk3089
- 13 сәуір 2019
- 7193
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жеті модуль, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Ұқсас жаңалықтар:
Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері
Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру...«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Шепенова Ләззат Сабырқызы №30 орта мектеп...Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.