Сайтқа кіру Тіркелу

Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі

Пәні: Математика
Сабақтың атауы: Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаттар
1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемімен таныстыру. Текше мен параллелепипед ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз беттерінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Математикаға қызығушылығын арттыру. АКТ - ны қолдану.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым - қатынас, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі
Сабақ түрі:
Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:
АКТ - ны қолдану: презентация, видео, флипчарт, слайдтар.
Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар.
Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, критерийлер бойынша бағалау, салыстыру.
Оқыту технологиясы:
Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, венн диаграмма суреті, параллелепипед және текше моделдер.
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері.

Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау.
Интерактив тақтада слайдтар көрсетіледі. Анимациямен жасалған презентация. «Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.

- Балалар біз өткен сабақта «Ауданның бірліктері және оның үлестері. Квадрат миллиметр. Гектар» деген тақырып өткен болатынбыз. Ендеше бүгін қайталау мақсатында «Кім жылдам?» деген ойын арқылы сендердің ауданның бірліктерін қалай білетіндеріңді тексерейік.

1 см2 (квадрат сантиметр) = ___мм2
1 дм2 (квадрат дециметр) =__см2
1 м2 (квадрат метр) = ___ дм2

1га = 100а = ___м2
1 км2 (квадрат километр) = ____м2
1м2= __дм2=____ см2= _____ мм2
1дм2= ___ см2= ___мм2
1га (гектар) = __а
1а (а) = ___м2
1 см2 (квадрат сантиметр) = 100 мм2
1а (а) = 100м2
1 дм2 (квадрат дециметр) = 100 см2
1га (гектар) = 100 а
1 м2 (квадрат метр) = 100 дм2
1га = 100а = 10 000м2
1 км2 (квадрат километр) = 1 000 000м2
1м2= 100 дм2=10 000 см2= 1 000 000 мм2
1дм2= 100 см2= 10 000мм2
Қызығушылықты ояту.
Геометриялық фигуралар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.«Артық фигураны тап» (ой қозғау, салыстыру)
Экранда шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша, текше мен тік бұрышты параллелепипед.
- Мұнда артық фигура – текше, параллелепипед себебі олар көлемді фигуралар, қалғандары жазық фигура. Шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша – бұлар жазықтық фигуралары, олардың аудандары болады. Ал текше мен тік бұрышты параллелепипед – кеңістік фигуралары, олардың көлемдері болады.
Оқушылар геометриялық фигураларды салыстыра отырып, оларға ортақ қасиеттерді және айырмашылықтарын талдай отырып, олардың ішінен текшені бөліп алады.
Мағынаны тану
Тік бұрышты параллелепипед фигурасы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. Слайдтар.
Тік бұрышты параллелепипед – бізге өте жақсы таныс фигура, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие. Ал, балалар қараңдаршы мына заттардың атын атайықшы. ( кітап, кірпіш, сіріңке қорабы). Осы көріп тұрған заттарымыздың бәрі тікбұрышты параллелепипедке мысал бола алады.
Ал енді тік бұрышты параллелепипед дегеніміздің өзі не?
Ол тек тік бұрыштардан тұратын болғандықтан тік бұрышты параллелепипед деп аталады.
Параллелепипедтің кез келген төбесінен үш қабырға шығады. Бұл қабырғалар тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері болып табылады және олар параллелепипедтің ұзындығы, ені, биіктігі болып аталады.
- Тап осы жерде мен сендерге бір сұрақ қояйын.
Тік бұрыш, шаршы сияқты фигуралардың неше өлшемі бар?

Дұрыс 2, ұзындығы, ені.
Олар қандай әріптермен белгіленеді?
Латынша а, b
Тік бұрышты параллелепипедтің 3 өлшемі бар: ұзындығы, ені, биіктігі, яғни а, b, с
( параллелепипед макетінен көрсету)
Енді тік бұрышты параллелепипед туралы түсінікке ие болсақ, оқулықтағы 1 - 2 тапсырмаларды орындайық.

Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше – жақтары тіктөртбұрыш болып келетін көлемді фигура.
Ұқсастықтары:
Бұл екеуінің де 6 жағы, 12 қабырғасы болады. 2 төбесін қосатын кесінді қыры деп аталады. Оларды былай санауға болады: төменгі жағында 4 қыры және жоғары мен төменгінің арасында 4 қыры бар. Қырларының ұштары төбелері деп аталады. Төменгі жағында 4 төбесі, жоғарғы жағында 4 төбесі бар. Барлығы 8 төбесі бар. Сонымен қатар, олардың 3 өлшемі бар. Олар: ұзындығы, ені, биіктігі.
Айырмашылығы:
Параллелепипедтің өлшемдері әр түрлі болады, ал текшенің үш өлшемі: ені, ұзындығы, биіктігі өзара тең болады. Текшенің алты жағы шаршы болып келеді. Ал параллелепипедте алты жағы тіктөртбұрыш болып келеді.
Есіңе сақта!
Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі V=a•b•c
Текшенің көлемі V=a•а•а
а - ұзындығы, b - ені, c - биіктігі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....
Тік бұрышты параллелепипед

Тік бұрышты параллелепипед

Мақсаты: 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі куб см3 таныстыру. Текшемен...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы жайында түсінік қалыптастыру және ауданын табудың әр түрлі...
Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты                        ...

Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты ...

Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірлідктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы...
Текшенің көлемі

Текшенің көлемі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текшенің қыры мен көлемі туралы түсінікті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×