Сайтқа кіру Тіркелу

Математикалық поезд

Тақырыбы: Математикалық поезд Бағыты «Ақтөбе - Астана» (математикалық ойын)
Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.
Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд – үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. Аквариумдегі балықтар.
5. Есептер, жұмбақтар
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поезға билет алу.
Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 5 сыныпта арасында өтетін «Ақтөбе — Астана» бағыты бойынша «Математикалық поезд» атты математикалық ойынын бастаймыз
Жүргізуші – 1: Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші – 2: Ойынға қатысушы оқушылар келіп, билеттер алады
Жүргізуші: (3 - рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.
Жүргізуші – 1:
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір - бірімен жатқан шулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық –
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен. Купедегілер – «Алғырлар», плацкарттағылар – «Тапқырлар», жалпы вагондағылар – «Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші – 2:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Математикалық поезд» жолға шықты.
Ойыншылар (әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.
1. Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Никельтау» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойналады. Әр топтан бір оқушыдан келіп балық аулайды, яғни балықтағы сұрақтарға жауап береді
1. Сіз – автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді. Екінші аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жолаушылар қанша?
2. Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.
3. 10 жасында 1 - ден 100 - ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?

Жүргізуші – 2:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Әйтеке би» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі).
1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
2. Алды – артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
шыққан тегін білесін бе? (түзу)
3. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» жолға шықты.
Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Тобыл» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Ғажайып заңдылықтар» ойыны ойналады
1. Сандар қатарын жалғастыр.
3, 7, 11, 15, 19,...
2. Артық сөзді алып таста:
метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.
3. Қай қатар артық?
2 5 8 11 14
1 4 7 10 13
10 20 30 40 50
Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» өз сапарын жалғастырады.
Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Құсмұрын» станциясына келіп тоқтады. Мұнда топтарға алдарындағы әріптерді қолданып, неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар
С І Р К Б Ы И Т Ұ Ш Ү Н Е
Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» жолға шықты.
Ойыншылар: Достықпен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Есіл» станциясына келіп тоқтады.
1. Глобус қандай фигураны елестетеді?
2. Қай айда 28 күн бар?
3. Бір тауықтың салмағы 3 кг. Егер тауық бір аяғымен тұрса, салмағы қанша кг.
4. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 3 мин уақыт кетеді. Бес жұмыртқаны пісіру үшін неше мин. кетеді.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Математикалық поезд» «Атбасар» станциясына келіп тоқтады.
42а+8, мұндағы а=5
3х+14х, мұндағы х=3
26у - 3, мұндағы у=2
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! « Математикалық поезд» Астана қаласына келіп тоқтады.
Енді әр топ жинаған жетондарын жолсеріктер санап қойындар
Жеңімпазды анықтайық
Жүргізуші – 1: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Математикалық поезд» өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет, қош сау болыңыздар.

Ақтөбе қаласы, №23 орта мектеп-лицейі
физика және математика пәні мұғалімі
Набиева Майра Сарсенгалиевна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оянбайды бәрібір іштарлығым!

Оянбайды бәрібір іштарлығым!

Тамырда қан, бойымда жылуым бар, Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар. Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің, Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!...
Ертегі кейіпкерлерімен бірге

Ертегі кейіпкерлерімен бірге "Ауырмайық" еліне саяхат

“Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Ауырмайық» еліне саяхат” атты шара мектепалды даярлық сыныбына арналып ұйымдастырылған. Салауатты өмір салтын...
Қайталау. Арифметикалық амалдар

Қайталау. Арифметикалық амалдар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау....
Математикалық поезд

Математикалық поезд

Білімділігі: Өткен материалдан алған білімдерін оқушы санасына бекіту. Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептерді шығара білу, ойын элементтерін...
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Разакова Алтынай Куралбаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×