Сайтқа кіру Тіркелу

Ажал туралы мақал-мәтелдер

Ажалды жылан, жол үстінде жатады.

Ажал ажарға қарамайды.

Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.

Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.

Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.

Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.

Аңшының ажалы аңынан.

Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер.

Ажалды киік ашыққа қашады.

Сынбайтұғын шөлмек жоқ,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ажалдан ақша беріп құтылмас.

Ажалдан ақырет артық.

Ажалдан басқаға араша көп.

Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Ұйқы — ажал ағайыны.

Атқыштан ажал қашады.

Кездейсоқ ажалды
Аңғырттық шақырады.

Жауынгердегі қол күрек
Ажалды алыстату үшін керек.

Ажал ақмақ үшін алтау.
Ақылды үшін біреу.

Ажал алқымдағанда безгекке зар боларсың.

Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.

Ажал қия бастырмайды.

Ажал жолы шілдің қадамынан да қысқа.

Жыл ұлық емес,
Ажал – ұлық.

Амалын тапқан ажалдан құтылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×