Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па.
Жарың - жан жолдасың.
Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.
Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.
Өзің не істесең, алдыңа сол келер.
Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.
Уа, құдайым, бала бер,
Бала берсең сана бер.
Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
Ата - анаңды сыйласаң көп жасарсың,
Сыйламасаң жан қинарсың.
Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағаламайды.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер.
Құлдың көзі жоқ.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Көсеу ұзын болса, қолың күймес
Ағайының көп болса адам тимес.
Арғымақты жамандап, кәні, тұлпар тапқаның,
Ағайынды жамандап, кәні, туған тапқаның.
Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.
Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.
Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.
Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.
Өсиет алған өлмес.
Алған сабағың біреу болсын, тоқуы мың болсын.
Есердің ақылы түстен кейін кіреді.
Бір жас үлкеннен ақыл сұра.
Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.
Ашу - қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.
Білмегенді білдір, қолына алтын жүзік ілдір.
Білмегенді үйрет, жерге соқаны салып сүйрет.
Ақымақты үйрету - өлгенді тірілту.
Барша өнерді үйрен.
Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз.
Тілі тәтті - көңілі қатты.
Адамға - тілінен, сиырға мүйізінен.
Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.
Еңбек етсең өміріңше емерсің.
Бейнетсіз рахат жоқ.
Жалқау тек жатар, ырысы да қашар.
Иесі жоқтың - асы жоқ.
Қызмет ет те, міндет ет.
Еңбек түбі - рахат.
Жігіттің ерінгені көрімнің көрінгені.
Жақсылық қылсаң бүтін қыл.
Кімді қорласаң, содан зар тартарсың.
Жақсының айтқан ақылы - алуа.
Өзі жемес, өзгеге бермес.
Ісің ақ болса, құдайың жақ болар.
Алдау - зұлымдық, алдану - ақымақтық.
Бай - балпаң келер,
Жарлы - жалтаң келер.
Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
Бермегенге қақсама, бергенді тастама.
Жақсы есім малдан артық.
Жаман ат қамшыласаң өрге шаппас,
Жақсының жаман адам бабын таппас.
Жақсыдан тиер шапағат,
Жаманнан тиер кесапат.
Жақсы - текшіл,
Жаман - кекшіл.
Жаман адамды жасауыл қойсаң, үстіңе жау келтірер.
Растық (шындық) жауған қардай, сүттен ақ, судан таза.
Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.
Тастаған шоқпар сорлының басына тиер.
Жақсы да жаттық жоқ,
Жаман да жақындық жоқ.
Аңдысқан ауыл болмас.
Жаңадан дос тапсаң да, ескі досыңды ұмытпа.
Татулық - байлық.
Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Сақтанған саламатқа жеткен.
Ауру қалады, әдет қалмайды.
Әділ сөздің алды ашық.
Қазақта айран көп,
Орыста мейрам көп.
Ақылды кісінің белгісі - аз сөйлеп, көп тыңдау.
Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.
Малдан жарлы қалсаң қал, ақылдан жарлы қалма.
Арғымақтың белгісі - аз оттап, көп жусайды.
Алтын шірімес,
Дау қалмас,
Жан сасымас.
Сабыр еткен, мұратқа жеткен.
Туған жердің топырағы жұмсақ, ауасы шипа,
Көршімен татудың көңілі тыныш.
Бабы келіскен істің бағы жанады.
Сөз білмесең үндеме, көп ішінде отырсаң.
Жылан иерлеңдесе де ініне тура кірер.
Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
Берсең - аларсың, ексең - орарсың.
Ақ айланар, қара байланар.
Жалғыздың жары - құдай.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Асыққан жетпес, бұйырған кетпес.
Алтын алма, дұға ал.
Кісі менен кісінің арасы жер мен көктей.
Құдайдың өзі асыраған тоқтысын қасқыр жемес.
Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.
Өмірде жаман адам болмайды, тек тілін таба біл.
Өмір соңы - өлім.
Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді.
Түстік ғұмырың болса, кештік мал жи.
Еңбек өмірді ажарлайды.
Қорқып өмір сүргенің құрсын,
Қатарда босқа жүргенің құрсын.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Жеу үшін жемейді,
Өмір сүру үшін жейді.
Адам мәңгі сүрмейді,
Көрден қайтып келмейді.
Күндік өмірің болса,
Жарты күн жорға мін.
Барына разы бол, жоғына сабыр ет.
Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Тірі қойғанды құр қоймайды.
Қарты бар үйдің құты бар.
Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.
Су бар жерде өмір бар.
Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.
Астыңдағы атыңа сенбе,
Қойныңдағы қатыныңа сенбе.
Жар, әйел, қатын, бәйбіше, өмір туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 27 қараша 2018
- 7984
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жар, әйел, қатын, бәйбіше, өмір туралы мақал мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:
Аға, іні туралы мақал-мәтелдер
Алпысқа келгенде, Алты ағаң болсын. Жетпіске келгенде Жеті інің болсын. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет....Өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар туралы мақал-мәтелдер
Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені. Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ. Өмір озады, ажар тозады....Әйел туралы мақал-мәтелдер
Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс. Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас....Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Қайыр бар жерде ырыс бар. Жақсылықтың ерте - кеші жоқ....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.